• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Сырдария: “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында киелі орындарда тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданымызда тарихи- мәдени еркерткіштер мен қорымдарға тазарту жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

18.04.2026
in Экология
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев ардагерлер, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындарымен бірге Қалжан Ахун мешіт-медресесі мен «Ешмұрат» қорымы аумағын абаттандырып, санитарлық тазарту жұмыстарына қатысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Таза Қазақстан дегеніміз – қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес. Әрине, ол да маңызды. Сонымен бірге, бұл – ой-сана тазалығы деген сөз. Жан-дүниесі таза адам қайырымды, мейірімді болады» деп атап көрсетті. Тарихи орындарды күтіп ұстау – тек тазалық мәселесі ғана емес. Бұл – ата-бабаларымызға деген құрметтің айқын көрінісі, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің маңызды бағыты. Осындай қасиетті орындарды таза әрі ұқыпты сақтау арқылы біз жас ұрпаққа өнеге көрсетеміз. Бүгінгі шара – елге, жерге деген жанашырлықтың нақты көрінісі. Алдағы уақытта да мұндай игі бастамалар жалғасын табатын болады, – деді аудан әкімі Берік ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Тазалық іс-шарасы барысында тарихи ескерткіштер мен қорымдар тазартылып, аумақтары ретке келтірілді, қоршаулар мен нысандар әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілді. Аталған игі шара аудан аумағындағы барлық елді мекенде жүргізілді.

Киелі орындарды зират етудің бұрыннан қалыптасқан ережелері бар. Оның ең негізгісі тазалықпен байланысты. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген даналық өткенге құрмет көрсетудің маңызын ұғындырады. Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақтың туған жер тарихына деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағытталған. Тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және оларды күтіп ұстау – барша қоғамның ортақ міндеті екені айқын.

Бүгінгі іс-шарада 50-ге жуық тарихи ескерткіштер мен қорымдар аумағы тазартылып, оған 3 мыңнан аса сырдариялық белсенді қатысты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қазалы: Әйтеке би көшесі қайта асфальтталуда

Келесі мақала

Сырдария: пробация есебіндегі жастарға әлеуметтік қолдау көрсетілді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі