• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 8 ақпан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Туризм және спорт министрлігі спортты дамытуда жаңа ғылыми тәсілдерді енгізіп жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ғылыми сүйемелдеуге ерекше назар аудара отырып, жоғары жетістіктер спортын дамытудың жүйелі тәсілін іске асырып келеді, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

30.06.2025
in Спорт
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ғылыми сүйемелдеуге ерекше назар аудара отырып, жоғары жетістіктер спортын дамытудың жүйелі тәсілін іске асырып келеді.

Министрлік бастамасымен Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығымен бірлесіп, елімізде алғаш рет «спорттық медицина» және «нутрициология» мамандықтарына арналған кәсіби стандарттар әзірленіп, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бекітілді.

Басқару жүйесін реформалау аясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді. Енді үміткерлерді бекіту министрлік жанынына арнайы құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асады. Кандидаттардың стратегиялық ойлау қабілеті, кәсіби тәжірибесі, басқарушылық әлеуеті және өңірлік спортты дамытуға қатысты көзқарасы жан-жақты сараланып, шешім қабылданады. Қазіргі таңда 12 өңірде басқарма басшылары тағайындалды.

Министрлік заманауи білім мен технологияларды спорт саласына енгізуге де басымдық беруде. Мәселен, Performance Hub ғылыми-зерттеу тобының базасында бокс, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, биатлон, семсерлесу, еркін күрес, таэквондо және басқа да спорт түрлері бойынша кешенді ғылыми тестілеу жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 16 спорт түрінен (оның ішінде 10 жазғы және 6 қысқы) 150-ден астам спортшы сынақтан өтті. Сонымен қатар ұлттық құрамалар мен бапкерлерге арналған арнайы семинарлар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, велоспорт бапкерлеріне арналған семинар, биатлоннан ұлттық және жастар құрамаларына арналған дәрістер өткізілді. Бұл іс-шараларға спорттық медицина мамандары мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ғалымдары да тартылды.

Астанадағы Ұлттық спорт университеті болашақта спорт ғылымының ірі орталығына айналмақ. Университет инфрақұрылымы мамандар даярлау және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін бейімделген. Жоба аясында ұлттық құрамаларға арналған жоғары білікті бапкерлер, спорт менеджерлері, психологтар және спорт ғылымының өзге де мамандары даярланады. Университет базасында көркем гимнастика, бокс, таэквондо, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, академиялық есу, баскетбол, волейбол, шағын футбол, жеңіл атлетика және жүзу секілді спорт түрлерінен ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстарға дайындығын қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған.

PS. Сонымен қатар министрлік отандық спортқа шетелдік тәжірибені де енгізіп жатыр. Мәселен, дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасына Олимпиада чемпионы, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері Эцио Гамба жетекшілік ететін командада халықаралық аренада тиімділігін дәлелдеген заманауи дайындық әдістері енгізіле бастады. Бұдан бөлек, Лос-Анджелестегі Олимпиадаға дайындық аясында 2024 жылдың қазан айынан бастап семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасында шетелдік маман Александр Горбачук жаттықтырушы-кеңесші ретінде жұмыс істеп келеді. Оның шәкірттері Ванкуверде (Канада) өткен Әлем кубогінде командалық есепте – қола, Боготадағы (Колумбия) жекелей сында Руслан Құрбанов күміс медаль жеңіп алғанын атап өткен жөн.

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады

Келесі мақала

Партиялықтар маңызды мәселелер талқылады

Оқи отырыңыз

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!
Спорт

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!

Кәсіби бағдар — келешек кепілі
Құқық

Кәсіби бағдар — келешек кепілі

Случай в школе
Қоғам

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік
Құқық

Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік

Жемқорлықты жүгендеудегі ортақ мақсат

Жасөспірімдерге түсіндірме жұмысы жүргізілді

Сыр төрінде «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті.

Қызылшадан екпе арқылы қорғаныңыз

Көкжөтелдің аймақтағы эпидахуалы тұрақты

Өзекті жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!
Спорт

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!

0

Kazakhstan C командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Екінші орында - Kazakhstan D. Kazakhstan В турнир кестесінде төртінші...

Кәсіби бағдар — келешек кепілі

Кәсіби бағдар — келешек кепілі

Случай в школе

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік

Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік

Жемқорлықты жүгендеудегі ортақ мақсат

Жемқорлықты жүгендеудегі ортақ мақсат

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!
  • Кәсіби бағдар — келешек кепілі
  • Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды
  • Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік
  • Жемқорлықты жүгендеудегі ортақ мақсат
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі