• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 5 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Түзеу мекемесінде білім күні аталып өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде сотталғандарға жалпы орта білім беру үшін кешкі мектеп жұмыс істейді. 1 қыркүйек - Білім күніне орай кешкі мектепте жазасын өтеушілерге арналған іс-шара өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

02.09.2025
in Құқық
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиын Мемлекеттік Әнұранмен басталды.
№60 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлім бастығы әділет подполковнигі Уайдаев Абдолла жазасын өтеуші азаматтарды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Кешкі мектеп директоры Утегенов Бағдат Қонысбайұлы жазасын өтеуші азаматтарға алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
Бүгінгі таңда мекемеде жалпы орта білімі жоқ, отыз жасқа толмаған сотталғандардың орта бiлiмді мiндеттi түрде алуы ұйымдастырылған.
Ал, отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектер жалпы орта бiлiмдi өздерiнiң қалауы бойынша алады.

– Мектепке бір барып, бір бармай, бостандықта жүргенімде білім алуға салғырт қарадым. Әріп танып, санды қосып-алуды білсем болды деп келгендіктен бе, көшенің өмірі қызығырақ көрінетін. Сол қызығушылығым өзіме кесір болып келетінін білмеппін де. Енді өкінгеннен өзгерер ештеңе жоқ. Мекемеде әр күнімді төрт қабырғаға қараумен өткізбей, білім алуға шешім қабылдадым. Әрі қарай мекемедегі колледждердің біріне оқуға тапсырып, өндірістік аймақта жұмыс жасау арқылы мемлекетке қарызымды өтегім келеді, – дейді жазасын өтеуші.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін сотталғандарға мемлекеттік үлгідегі орта білімін растайтын құжат беріліп, оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу табелі жеке істерінде сақталып, жазасын өтеуден босатылғаннан кейін қолдарына беріледі.
Білімсіздік пен жұмыссыздықтың соңы қылмыс жасауға алып барады. Сол себепті түзеу мекемесінде білімін жетілдіру – сотталғандардың қоғамға тез бейімделуіне ықпал тигізері анық.

Алдыңғы мақала

Психолог сотталғандарға «Ойын терапиясы» тренинг сабағын өткізді

Келесі мақала

Қазалылық азаматтар отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанды

Оқи отырыңыз

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Құқық

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
Құқық

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

0

Алдымен ардагерлер «Қызылорда арена» спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи спорт нысанында халықаралық стандарттарға сай 50 метрлік...

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
  • Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
  • Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі