Бүгін осы ерекше ауылдан шыққан үшемдердің әкесі Қуаныш Алтынбаев Айғаным, Айғаныт және Асылым есімді үшемдерін ертіп, №68 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.
Сегіз перзенттің әкесі Қуаныш Мұратбайұлы үшін бұл – ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын білдіретін маңызды қадам.
Кішкентай үшемдер – отбасының қуанышы, ауылдың айрықша берекесі, елдің ертеңі. Сайлау учаскесінде бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталып, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Ұрпақ – елдің болашағы. Ал болашақ үшін жасалған әрбір таңдау – маңызды!
#ҚұрылтайСайлау2026
#Елімүшінтаңдау
#Қазалыауданы
#ЕгіздерАуылы
#68сайлауучаскесі









