• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Фортификацияланған ұн — құрамына адам ағзасына қажетті дәрумендер мен минералдар, әсіресе темір және фолий қышқылы қосылған ұн. Ұнды фортификациялау оның негізгі тағамдық қасиеттерін түбегейлі өзгертпей, халық арасында микроэлемент тапшылығының алдын алудың тиімді тәсілі болып саналады. Сондықтан Қазақстан аумағында өткізу үшін өндірілетін нан пісіруге арналған жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны міндетті түрде фортификациялануға тиіс. Яғни бұл өндірушінің ерікті таңдауы емес, заңнамада белгіленген міндетті талап.

09.09.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Фортификациялау процесі жай ғана ұнға қоспа араластырумен шектелмейді. Өндіріс кезінде қолданылатын премикс нормативтік талаптарға сәйкес болуы керек, фортификация технологиясы белгіленген тәртіппен жүргізіліп, микронутриенттердің қажетті мөлшерінің сақталуы аса маңызды.

Ұн сатып алғанда қауіпсіздігі мен сапасын бірнеше көрсеткіш бойынша бағалау қажет:
Қаптамасы бойынша
— бүтін, құрғақ, таза және зақымданбаған болуы керек;
— ылғалданған, жыртылған немесе көгеру белгілері бар қаптаманы таңдамаған дұрыс.
Таңбалануы бойынша
— өнімнің атауы және ұнның түрі;
— өндіруші туралы мәлімет;
— өндірілген күні және жарамдылық мерзімі;
— сақтау шарттары;
— тағамдық құндылығы;
— фортификацияланған жағдайда құрамына қосылған микронутриенттер туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
Органолептикалық көрсеткіштері бойынша
— түсі ұнның түріне сәйкес, біркелкі болуы;
— бөгде, көгерген немесе қышқыл иіс болмауы;
— жәндіктер, олардың дернәсілдері, өрмекшілер немесе басқа зиянкестер болмауы қажет.
Микробиологиялық қауіпсіздігі бойынша
— патогенді микроорганизмдермен ластанбауы қажет.
— ұн құрғақ, желдетілетін, таза жерде сақталуы керек.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларымен нан және нан өнімдерін шығаратын 89 нысан есепке алынған, оның 21-і кондитерлік өнімдерді дайындаумен айналысады. Өнімдер қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде 2026 жылы техникалық регламент талаптарының сәйкестігіне 1 фортификацияланған ұн алынып, В1, В2 дәруменіне, мырыш қоспасына, органолептикалық, таңбалау, металл-магнитті қоспалар, ылғалдың массалық үлесі, зиянкестермен зақымдану, қорғасын, кадмий, мышьяк және хлорорганикалық пестицидтер көрсеткіштері бойынша барлығы 20 зерттеу жүргізіліп, сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытында санитариялық ағарту жұмыстарының маңыздылығы айрықша. Бұл бағытта мамандар санитариялық ағарту жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. Нан және нан өнімдерін өндіруші, сатушы кәсіпкерлерге жоғары және бірінші сұрыпты фортификацияланған ұнды саудаға енгізу қажеттілігін, ұн қабылдаған кезде сапалық құжаттардағы белгілерге ерекше назар аудару қажеттігін еске саламыз. Сонымен қатар тұтынушыларға ұнды сатып алу кезінде оның фортификацияланғандығы туралы белгілерінің бар болуына мән беру маңызды екендігін түсіндіреміз.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

Алдыңғы мақала

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Келесі мақала

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі