• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Үздіксіз қызметтегі рухани үзіліс

Күйбең тірліктің күйгелек етіп, қарбалас қызметтің қуатты түгесіп қоятыны жасырын емес. Сондықтан, ми тынықтырып, ой сергіту артық етпейді. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының ұйымдастыруымен “Анаға тағзым” орталығында арт-терапиялық сабақ өтті.

16.01.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шалқар шабыт пен қиялдың қиылысатын тұсында мекеме қызметкерлері қарап қалмады. Алдымен “Анаға тағзым” орталығының “креативті индустрия” бөлімінің әдіскері Айгерім Ізбанова арнайы картинаны көрсетіп, оны салудың техникаларымен бөлісті. Ішкі үннің үзік сыры мен ғаламның ғажап сұлулығын қылқаламның ізіне сыйдыру – өнер. Мұны түсінген қызметкерлер гуашь бояуын қолға алып, бірден бейнелеуге кірісіп, ерекше ынта танытты.

– Күнделікті жұмыс жауапкершілікті талап етеді. Бұл – қызмет бабында бір сәт те босаңсуға болмайды деген сөз. Бірақ, қызметкерлердің психологиялық жағдайы мен көңілінің жайлы болуына аса мән береміз. Бүгінгі арт-терапияны алға тартып, сан түрлі бояумен жұмыс істеу арқылы назарын бұрып, санасын сергек етсек дедік. Мақсатымызға жеткен секілдіміз. Қызметкерлер суретті ойдағыдай салып, рухани тұрғыда демалып қалды. Оның үстіне, эмоциялық ширығуды бәсеңдетіп, ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге ықпал еткені анық, — дейді мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспекторы әділет капитаны Динара Шахи.

Иә, шығармашылық үдеріс – ішкі тыныштықтың қайнар көзі. Қылқалам ұстаған қызметкерлер бояу бетіндегі болмыстан осыны аңғарғаны сөзсіз.

Алдыңғы мақала

Дінтанушы сотталғандарға “Қазақ даласына-Исламның келуі” тақырыбында дәріс өтті

Келесі мақала

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі