• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 5 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Заң мен тәртіп басты құндылыққа айналуы тиіс

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» Полиция қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпарат агенттігі

28.06.2025
in Құқық
0
499
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шараға барлық құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Салтанатты шараның ашылуында Әнұран орындалып, Ту көтерілді. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметінде қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.


Аймақ басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, құқық қорғау саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», – деп нақты міндеттерді белгілеген болатын.

Сіздерге жүктелген міндет асқан жауапкершілікті қажет етеді. Аймағымызда құқықтық тәртіпті орнату, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметтеріңізді тиімді ұйымдастыруға бағытталған кешенді қолдау шаралары қабылдануда. Соңғы үш жылда полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 8 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биыл бұл мақсатқа 2 млрд. 800 млн. теңге қаралып, материалдық-техникалық база заманға сай жаңғыртылуда.

Әр тәртіп сақшысы заң мен әділдіктің айнасы болып, әділетсіздік пен немқұрайлылыққа жол бермеуі керек. Бір қызметкердің салғырттығы бүкіл жүйенің беделіне нұқсан келтіреді. Алдағы уақытта да полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, тұрғындардың тыныш өмір сүруін қамтамасыз етіп, қылмысқа қарсы күресті қарқынды жалғастырып, жұмыс сапасын арттыра түседі деп сенемін.
Егемен еліміздің тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы, өздеріңізге жүктелген міндетті орындаудағы қызметтеріңіз жемісті болсын!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында облыс прокуроры, полиция департаментінің басшысы құттықтау сөз сөйледі. Сала ардагерлері мен қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен, медаль және төсбелгімен марапатталды.


PS. Айта кету керек, 2023 жылдан бері полиция департаментінің аттестациядан өткен қызметкерлеріне облыс бюджетінен 2 млрд теңгеге жуық үстемақы төленді. Республикада алғашқы болып өңірдің барлық ауданындағы полиция бөлімдерінде жедел басқару орталықтары ашылды. Қауіпсіздікті күшейту және жедел әрекет ету үшін бейнебақылау камераларының саны артты. Аудандарға 539 бейнебақылау және 49 жылдамдық өлшейтін камера орнатылды. Соңғы жылдары полицияға заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 128 жаңа автокөлік берілді. Биыл тағы 31 қызметтік көлік пен арнайы құрал-жабдықтар алынады.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Сәкен Майғазиев — «Келініміз біздің әулетке арнап туғандай»

Келесі мақала

Қызылордада жедел басқару орталығы жаңғыртылып, заманауи технологиялармен жабдықталды

Оқи отырыңыз

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
Оқиғалар

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды
Құқық

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді
Құқық

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады
Құқық

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

0

Алдымен ардагерлер «Қызылорда арена» спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи спорт нысанында халықаралық стандарттарға сай 50 метрлік...

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
  • Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
  • Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі