• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 15 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов аудандағы бірқатар өндірістік және инфрақұрылымдық жобалардың жұмысын бақылады, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

15.06.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жұмыс сапары алдымен Қыраш ауылдық округіндегі мал қорымының құрылыс алаңынан басталды. Ауданда ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 18 ауылдық округте типтік жобадағы мал қорымдарын салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 441 млн теңгені құрайтын бұл жоба ауыл шаруашылығы саласындағы қауіпсіздік талаптарын күшейтуге бағытталған.

Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Қыраш ауылдық округінің тау бөктерінде орналасқан «Qaratau Fruits» алма бағының жұмысымен танысты. Құны 1,6 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба аясында 120 гектар жер игерілген. Оның ішінде 50 гектарға классикалық әдіспен 65 мың түп, ал 30 гектарға интенсивті технология арқылы 75 мың түп алма ағашы отырғызылған. Бақ толықтай тамшылатып суару жүйесімен қамтамасыз етілген. Инфрақұрылымдық қажеттіліктер үшін 250 кВт трансформатор орнатылып, 6,5 шақырым электр желісі тартылған. Қазіргі таңда кәсіпорында 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, Бахыт Дүйсенұлы Жаңақорған кентіндегі темір жол вокзалының құрылыс жұмыстарын да көрді. Нысанда анықталған бірқатар кемшіліктерге назар аударып, мердігер мекемеге оларды қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Сондай-ақ, бұл нысан облыс әкімінің тікелей бақылауында екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтаудың маңыздылығына тоқталды.

Сапар одан әрі «Абдулла» шаруа қожалығының құс фабрикасында жалғасты. Бүгінде бұл шаруашылық ресейлік «Союз Пром Птица» мекемесімен бірлесіп, жылына 5,5 мың тонна құс етін өндіретін өндіріс орнын іске асыруда. Жалпы құны 5,5 млрд теңгені құрайтын жобаның 1,5 млрд теңгесі инвесторлар қаражаты есебінен қаржыландырылған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 98 пайызы аяқталған. Кәсіпорынды жақын күндері пайдалануға беру жоспарлануда. Жоба толық іске қосылған кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Одан соң облыс әкімі орынбасарының жұмыс сапары «Қожамберді Батыр» ЖШС-нің мал сою және ет экспорттау орталығымен қорытындыланды. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 2 мың тонна ет өңдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда орталық жақын шетелге 1000 тонна қой етін экспорттау жөнінде келісімге қол жеткізген. Бұл өз кезегінде ауданның экспорттық әлеуетін арттырып, өңір экономикасының дамуына оң серпін бермек.

Бахыт Жаханов жүзеге асырылып жатқан жобалардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесінің зор екенін атап өтіп, жауапты сала басшылары мен мердігер ұйымдарға жұмыстардың сапасы мен мерзіміне ерекше мән беруді тапсырды. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және өндіріс көлемін ұлғайту өңірдің негізгі даму бағыттарының бірі екенін жеткізді.

Алдыңғы мақала

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Келесі мақала

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
Спорт

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды
Құқық

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті
Спорт

Жергілікті команда жеңіске жетті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Облыс әкімі Қарауылтөбедегі өрт сөндіру бекетінің ашылуына барды

Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков «Шолпан Ана» егіс алқабындағы жұмыстармен танысты

Ат үстінде шыңдалған азамат

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

0

«Руханият орталығында» өткен жиынға аудан активі қатысып, өңірдің әлеуметтік - экономикалық даму бағыттары мен алдағы міндеттер талқыланды....

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Жергілікті команда жеңіске жетті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
  • Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
  • Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
  • «РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды
  • Жергілікті команда жеңіске жетті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі