• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Бүгін «Руханият» орталығында елге еңбегімен танылып, саналы ғұмырын туған жердің өсіп-өркендеуіне арнаған еңбек ардагері Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған «Еңбекпен биіктеген тұлға» атты тағылымды еске алу кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

19.06.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Игі шараға аудан әкімі Мажит Самитов, облыстың зиялы қауым өкілдері, ел ағалары Нажмадин Мұсабаев, Бақыт Нұртазаев және ауданның ардагерлері мен жастары қатысты.

Кеш барысында алдымен Машбек Сапарбайұлының өмір жолы мен еңбек жолын арқау еткен «Еңбекпен өрілген ғұмыр» атты тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, «Ел құрметтісі – Машбек ата» атты арнау кештің тағылымдық мазмұнын аша түсті.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі Мажит Самитов, Машбек Сапарбайұлының туған өлкенің өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесін, еңбекқорлығы мен азаматтық болмысы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

– Қазақ халқы қашанда елге еңбек сіңірген азаматтарын төріне оздырған халық. Себебі елдің шынайы байлығы – ел үшін аянбай еңбек еткен азаматтарында. Солардың қатарында Машбек Сапарбайұлының орны ерекше. Адалдықты, жауапкершілікті және елге қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырды. Машбек Сапарбайұлының жарқын бейнесі, елге сіңірген еңбегі, адамгершілік қасиеттері ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Елінің құрметіне бөленген азаматтың есімі туған жерімен бірге жасай береді, – деді аудан басшысы.

Кеште сөз алған «Құрмет», «Парасат» ордендерінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарының Құрметті азаматы Нажмадин Мұсабаев Машбек Сапарбайұлының еңбекке адалдығы мен адамгершілік келбеті жөнінде әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ «Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Бақыт Нұртазаев тұлғаның ауданның ауылшаруашылығы саласының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Тағылымды шара барысында Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Ерғали Оразбеков, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Баян Үсейінова арнайы баяндама жасап, Машбек Сапарбайұлының елдік мүдде жолындағы қажырлы еңбегі мен тағылымға толы өмір жолына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Алмас Нәлібаев естеліктерімен, тұлғаның қарапайымдылығы мен кісілік келбеті жөнінде пікірімен бөлісті.

Тағылымды кешке модераторлық еткен аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы Машбек Сапарбайұлының ғибратты ғұмыры, елге сіңірген еңбегі, азаматтық ұстанымы мен адами қасиеттері туралы мазмұнды ойлар айтылғанын атап өтіп, мұндай тағылымды кездесулердің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екенін жеткізді.

Кеш барысында тұлғаның өмір жолын бейнелейтін архивтік деректер мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға таныстырылды.

Машбек Сапарбайұлының есімі мен өнегесі туған жер тарихымен бірге жасап, келер ұрпаққа үлгі болып қала береді.

Алдыңғы мақала

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Келесі мақала

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі