• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.07.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте өңірдің жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды.

Аймақта негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика, өңдеу өнеркәсібінде 14 пайыздық өсім қалыптасқан. Инвестиция тарту бойынша Үкімет бекіткен 789 млрд. теңге меженің 43 пайызына қол жетті.

–Дегенмен бірқатар ауданда өнеркәсіп өндірісі, негізгі капиталға салынған инвестиция көлеміне қатысты жоспар орындалмаған. Салаға жетекшілік ететін жауапты басшылар, негізгі көрсеткіштерге талдау жасаңыздар.

Шілденің 1-індегі есеп бойынша облыс бюджетінің кірісі 111,9 пайыз орындалды. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен облыс бюджеті 100 пайыз толығымен игерілді. Осы ретте басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері, жыл аяғына дейін қаржыны жиынтық жоспарға сәйкес толық игеру керек.

Елді мекендердің қала құрылысы жобаларына түзетулер енгізіліп, оларды цифрлық форматқа ауыстыруға 2024 жылы облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Бірақ бұл жұмыс баяу жүргізілуде. Аудан әкімдері облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесіп, жобаларға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды үйлестіріңіздер, – деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізілуде. Мәжілісте қала аумағында салынып жатқан және салынуы жоспарланған нысандарды ескере отырып, бас жоспардың жобасын жеделдетіп аяқтау, мемлекеттік сараптама қорытындысын 1 қазанға дейін алып, Үкімет қарауына енгізу тапсырылды.

Негізгі көрсеткіштерге келсек, облыста өнеркәсіп 2,4 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 13,8, ауыл шаруашылығының өнімі 3,9, құрылыс жұмыстары көлемі 31,3, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 1,3, сауда көлемі 2,6, инвестиция тарту 7,1 пайыз артқан.

Бұдан бөлек, мәжілісте мерзімді әскерге шақыру науқанының қорытындысы және алдағы кезеңге дайындық барысы талқыланды. Жауапты мамандарға әскерге шақырылатын азаматтар тізімін

20 тамызға дейін жасап, қала, аудан әкімдіктеріне ұсыну, оларды шақыру пункттеріне толық жеткізу, әскерден жалтарушыларды іздеу, оқушыларды медициналық тексеруден өткізуге қатысты тапсырмалар берілді.

–Соңғы күндердегі ауа райы өрт қаупін күшейткендіктен, төтенше жағдайлар, орман шаруашылығы мекемелері толық дайын болуы тиіс. Төтенше жағдайлар департаменті жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп, ахуалды күнделікті қатаң бақылауда ұстаңыздар.

Сондай-ақ суға шомылатын орындардағы, рұқсат етілмеген су айдындарындағы рейдті күшейтіңіздер. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алыңыздар, – деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Аудан әкімі жаяу жүргіншілер жолы құрылысының сапасын бақылады

Келесі мақала

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі