Бұл шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған.
Салтанатты шара барысында Жаңақорған кенті әкімі аппаратының бас маманы Әбдікәрім Ерболат Құлманұлы мен Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әбсаттар Ерасыл Әкімжанұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдап, ел мен халық алдындағы жауапты міндеттерін адал атқаруға серт берді.









