• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 13 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Қызылордада алғаш рет Жас сайлаушылар клубының мүшелері бас қосты

2026 жылғы 23 сәуірде «Жастар және сайлау» республикалық форумы аясында ашық пікір алмасу форматында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері сайлау үдерісінің өзекті мәселелерін талқылады,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

23.04.2026
in Білім, Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс-шараға 400-ден астам жас сайлаушы қатысты. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының, еліміздің барлық өңірлерінен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, сондай-ақ Қызылорда облысының сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Нұрлан Әбдіров өз сөзінде сайлау үдерісін ұйымдастырудың негізгі элементтерін атап өтіп, еліміздің сайлау органдарының қызметі, ОСК жанындағы диалог алаңдары және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ жастардың электоралдық мәдениетін қалыптастыру сұрақтарына ерекше назар аударылды.

Республикалық референдумның қорытындылары мен жаңа Конституцияның негізгі ережелеріне айрықша мән берілді.Кездесу барысында Жас сайлаушылар клубтары мен аумақтық сайлау комиссияларының жас сайлаушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысындағы рөліне де ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу сұрақ-жауап сессиясымен жалғасты. Қатысушылар сайлауды ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибе, сайлау үдерісін цифрландыру, сайлау комиссиялары мүшелерін даярлау мәселелерін көтерді.

Мәселен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жұбаныш Нұртілеу сайлауды ұйымдастыру бойынша АҚШ пен Корея тәжірибесіне қызығушылық танытты. Осы оқу орнының студенттері Айғаным Қалиева — дауыс беру мәселелері туралы, Маханбет Пірмағанбетов — жас сайлаушылармен өзара іс-қимыл жөнінде, Рамазан Құдайбергенов — электоралдық дауларды шешудегі сайлау бойынша соттардың шетелдік тәжірибесі туралы сұрақтар қойды.

Өз кезегінде Қарағанды облысынан Жас сайлаушылар клубының мүшесі Асылай Қонысова сайлау үдерісін цифрландыру мәселесін көтерді. Ал Батыс Қазақстан облысынан Эльмира Тұрғалиева барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары құрамына жастардың қатысуын кеңейтуді ұсынса, осы өңірден Лиас Мейірхан — сайлау үдерісінде волонтерлік қызметті пайдалануды ұсынды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар электоралдық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдарын қамтитын онлайн-сауалнамаға белсенді қатысты.

Сауалнама нәтижелері:

83,7% респондент Президенттікке кандидаттар үшін мемлекеттік қызмет тәжірибесінің болуын қолдайды;

47,2% дәстүрлі қағаз бюллетень арқылы дауыс беруді жөн көреді;

28,6% сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар дауыс беруге қатыспауы тиіс деп санайды;

29,8% сотталғандардың сайлау құқықтарын шектеуді қолдайды;

72,4% сайлау туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы алады.

Іс-шара аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Наурызбай Байқадамов пен Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар Ортсайлауком Төрағасы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ашылған Жас сайлаушылар клубының кабинетінде болды. Университет өкілдерінің мәліметінше, арнайы жабдықталған аудиторияда студенттер «Сайлау құқығы» пәнін меңгеріп, сайлау комиссияларының өкілдерімен қонақ дәрістері мен практикалық кездесулерге қатысады.

Кездесудің белсенді қатысушыларына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен әзірленген электоралдық тақырыптағы басылымдардыңданалары табысталды. Аталған басылымдардың даналары университеттің кітапхана қорына да берілді.

Осы күні форум қатысушылары Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласының аумақтық сайлау комиссияларының толыққанды қызметін қамтамасыз етуге арналған жаңартылған ғимаратпен танысты.

Мұнда болашақ сайлаушылардың жобаларының көрмесі ұйымдастырылып, онда мектеп президентін сайлау үлгілері, сондай-ақ электоралдық тақырыптағы 3D-графика және сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылды.

Сонымен қатар «Daryn AI» онлайн-ассистенті таныстырылды — бұл сайлау учаскесін іздеуге арналған қосымшаға біріктірілген сервис. Ол сайлаушылардың негізгі сұрақтарына мәтіндік және аудио форматта жауап береді. Сондай-ақ республикалық референдум өткізу кезеңінде пайдаланылған онлайн-сервистер көрсетілді.

Бұдан бөлек, «Электоралдық науқандардың өзекті мәселелері: тәжірибеге талдау және бағдарламалық міндеттер» тақырыбында республикалық көшпелі семинар өтті. Семинар барысында электоралдық науқандардың негізгі аспектілері талқыланып, практикалық талдаулар жүргізілді және республикалық референдумды өткізуге қатысқан қатысушылар марапатталды.

Алдыңғы мақала

Қызылордада “Жастар және сайлау” атты республикалық форум өтті

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығының жұмысымен танысты

Оқи отырыңыз

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде
Әлеумет және экономика

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Қоғам

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған
Білім

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

“Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды

Аймақ басшысы ел ағаларымен кездесті

Айгүл Иманбаева — «Жау алыстан келмейді»

Аудан орталығында «Yerbol» тіс емханасы ашылды

Облыс әкімі құрылыс нысандарын аралады

Өзекті жаңалықтар

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде
Әлеумет және экономика

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде

0

Ауданда биыл 41 758 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады. Оның ішінде күріш – 16 800 га,...

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

“Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды

“Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде
  • Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды
  • Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
  • «Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған
  • “Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі