• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Жастар – елдің ертеңі» атты мерекелік шара өтті

Бүгін Қазалы ауданында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Жастар – елдің ертеңі» атты мерекелік шара өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

13.08.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Әйтеке би кентіндегі Орталық алаңда ұйымдастырылған мерекелік кешке аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, аудан жастарын айтулы мерекемен құттықтады.

— Жастық шақ – адамның арманға қанат қағып, биік мақсаттарға ұмтылатын, білім алып, ізденіп, өз мүмкіндігін барынша танытатын ең ерекше кезеңі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев — «Жастар қашанда және қай кезде де өзгерістің басы-қасында жүреді. Бүгінде жастардың өздерін танытуына мүмкіндік мол. Озық ойлы жастардың қоғам өміріне белсене араласуы, білімпаздығы, еңбек етуге және өзін-өзі дамытуға құштарлығы қуантады. Өйткені еліміздің бүгіні де, ертеңі де – сіздер», – деп, жастарға үлкен сенім артқан болатын. Бүгінде Қазалы ауданында 23 554 жас бар. Бұл аудан халқының 29,7 пайызын құрайды. Жыл басынан бері жастардың қатысуымен 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 3 700-ге жуық жас қамтылды. Ауданда жастардың білім алып, кәсіби дамуына, спортпен және шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Президентіміздің, Үкіметтің, облыс әкімінің қолдауымен аудан орталығында жастардың сүйікті орындарының біріне айналған Қазалы мәдени-демалыс кешені пайдалануға берілді. Ал өткен жылы ашылған «Руханият» орталығы жастардың интеллектуалдық, мәдени және рухани дамуына жаңа мүмкіндік сыйлады. Бұдан бөлек биыл Әйтеке би кентінде, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында заманауи спорт кешендері ел игілігіне берілді. Елдің дамуына үлес қосатын үлкен істердің бастауында жастардың тың идеялары мен батыл бастамалары тұр. Туған жердің абыройын асқақтатып, ел сенімін ақтап, ата-баба аманатына адал болыңыздар! Әрбір бастамаларыңыз берекелі болып, білім жолындағы ізденістеріңіз бен еңбектеріңіз жемісті болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Мерекелік шара барысында ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, жастар саясатын дамытуға, тың бастамалар мен игі жобаларды жүзеге асыруға үлес қосып жүрген бірқатар белсенді жастар облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған апталық іс-шаралар қорытындысы бойынша жоғары жетістіктерге жеткен жастарға арнайы марапаттар мен сыйлықтар табысталды.

Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Кештің арнайы қонағы, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ернар Амандық ән шырқап, қазалылықтарға керемет көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жастардың жалынды энергиясы мен жарқын көңіл-күйіне толы мерекелік кеш отшашумен қорытындыланды.

Алдыңғы мақала

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Келесі мақала

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі