• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Жөлек ауданында заманауи спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Шиелі ауданына қарасты Жөлек ауылдық округінде ауыл тұрғындарының игілігіне арналған жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Аталған нысан ауыл жастары мен тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасап, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды әлеуметтік жобалардың бірі болып саналады, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.05.2026
in Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қазіргі таңда аудан көлемінде спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде елді мекендерде жаңа спорт алаңдары мен кешендер салынып, жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік жасалуда. Жөлек ауылында бой көтеріп жатқан бұл заманауи спорт кешені де – сол жүйелі жұмыстардың нақты көрінісі.

Жаңа нысанның жалпы ауданы 982,15 шаршы метрді құрайды. Ал ғимараттың құрылыс алаңы 885,40 шаршы метр болса, жалпы құрылыс көлемі 9 990 текше метрге жетеді. Спорт кешені заманауи сәулеттік талаптарға сай жобаланып, өлшемі 20х42 метр болатын тіктөртбұрыш пішінінде салынуда. Жоба ауыл тұрғындарының қажеттілігі мен спорттық талаптарды ескере отырып әзірленген.

Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме – «Интегрострой» ЖШС жүзеге асыруда. Сонымен қатар, нысанның сапалы әрі талапқа сай салынуын бақылау мақсатында техникалық қадағалауды «Строительный контроль» ЖШС жүргізсе, авторлық қадағалау қызметін «ПСК Qabylet» ЖШС атқаруда.

Аталған спорт кешені пайдалануға берілгеннен кейін ауыл жастарының спортпен тұрақты шұғылдануына мол мүмкіндік тумақ. Мұнда түрлі спорттық үйірмелер мен жаттығу сабақтарын өткізуге жағдай жасалып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді деп күтілуде. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға да серпін бермек.

Мамандардың айтуынша, мұндай әлеуметтік маңызы бар нысандардың салынуы ауылдық елді мекендердегі спорт инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, өскелең ұрпақтың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыруға оң әсер етеді. Бұл өз кезегінде жастардың белсенді өмір салтын қалыптастырып, болашақта түрлі спорттық жетістіктерге жетуіне негіз болмақ.

Алдыңғы мақала

Бизнес өкілдері Жаңақорғандағы кәсіпкерлік саласының дамуына оң баға берді

Келесі мақала

Жаңақорған ауданындағы кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беруге арналған ауқымды жиын өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі