• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 25 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Жырымен елін тербеткен» облыстық ақындар мүшәйрасы өтті

Жетікөл ауылдық клубында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстанның құрметті журналисі», «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, ақын Кенжалы Райымбекұлы Ерімбетовтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Жырымен елін тербеткен» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өтті-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

23.07.2026
in Мәдениет
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерейтойлық шараның басты мақсаты – ел руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ақын Кенжалы Ерімбетовтің өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, ақындық өнерді дәріптеу, жас таланттарға қолдау көрсету және өскелең ұрпақты туған жерге деген сүйіспеншілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Мүшәйраға Қызылорда қаласы мен облыстың бірқатар аудандарынан келген талапкер ақындар қатысты. Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар мерейтой иесіне арналған арнау өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы авторлық шығармаларын ұсынды.

Шара барысында мерейтой иесіне ізгі тілектер айтылып, құрмет көрсетілді. Ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, әдеби-музыкалық композициялар ұсынылып, өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.

Қазылар алқасының шешімімен:

І орын – Қызылорда қаласының ақыны Ақжол Түменбай;

ІІ орын – Арал ауданының ақыны Айдар Сайлауов;

ІІІ орын – Шиелі ауданының ақыны Бекжан Ержігіт пен Жалағаш ауданының ақыны Сәния Жақып иеленді.

Сондай-ақ, Қанат Көзейбай, Ақтөре Ибрагимұлы, Бексұлтан Санақұл, Тұрар Бекмырзаев және Ізбасар Әбдібеков байқауға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Мүшәйра жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Өнер мен руханиятты ұлықтаған тағылымды шара мерейтой иесіне арналған ақжарма тілектермен жалғасып, естелік суретке түсумен қорытындыланды.

«Жырымен елін тербеткен» облыстық ақындар мүшәйрасы – Кенжалы Ерімбетовтің шығармашылық мұрасын ұлықтап, ақындық өнердің мәртебесін көтерген, жас таланттарға қанат бітірген мазмұнды мәдени-рухани шара болды.

 

Алдыңғы мақала

Автокөлік жасау саласын дамыту мәселелері талқыланды

Келесі мақала

Қазалы ауданында тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі