• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 9 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұл қабақты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті

Бүгін Бекарыстан би ауылындағы спорт кешенінде Еңбек және Соғыс ардагері, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының жеңімпазы, ғасыр жасаған майдангер Смағұл Қабақты еске алуға арналған шахматтан аудандық ашық турнир өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

08.05.2026
in Спорт
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов қатысып, жарысқа қатысушылар мен қонақтарды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен және туринирдің ашылуымен құттықтады. Соғыс ардагері Смағұл Қабақтың майдан даласында көрсеткен ерлігі мен соғыстан кейінгі саналы ғұмырында елге жасаған еңбегі жайында сөз қозғады.

Шарада Қазалы ауданының Құрметті азаматы, медицина саласының ардагері Құлпыбай Ысқақов пен майдангердің ұрпақтары сөз сөйлеп, медицина саласының ардагері Сержан Берденұлы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін білдіріп, бата берді.

Турнирдің ашылу салтанаты ұлттық нақыштағы көркем бағдарламамен басталып, қатысушы командалар таныстырылды. Шара барысында айтыскер ақын, «Күміс домбыра» иегері Бексұлтан Орынбасаров арнайы арнау айтып, көпшілікке рухани әсер сыйлады.

Шахмат ойынына аймағымыздағы барлық аудандардан келген 100-ге жуық шахматшылар қатысуда. Биыл үшінші мәрте дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан шахмат ойындары ертеңге дейін жалғаспақ.

Смағұл Қабақ 1923 жылы Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда жараланып елге оралған. Бейбіт өмірде туған жердің дамуына үлес қосып, ұзақ жылдар білім және қаржы саласында абыройлы еңбек етті. Зайыбы Күлжахан апамен бірге 10 бала тәрбиелеп өсіріп, үлкен әулеттің берекелі тірегіне айналды. 2023 жылы отбасы құндылығын дәріптеген «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының жеңімпазы атанып, ел құрметіне бөленді. Ардагер «Қызыл жұлдыз», ІІ және ІІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.

Алдыңғы мақала

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

Оқи отырыңыз

Премьер-министр Олжас Бектенов  Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды
Қоғам

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу
Құқық

Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу

Ұрпақ пен ұлағат: Өнегелі өмірдің өшпес ізі
Құқық

Ұрпақ пен ұлағат: Өнегелі өмірдің өшпес ізі

Ұрпақ жадындағы Ұлы Жеңіс
Құқық

Ұрпақ жадындағы Ұлы Жеңіс

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Ұрпақ пен ұлағат: Өнегелі өмірдің өшпес ізі

Ұрпақ жадындағы Ұлы Жеңіс

Ерлікке тағзым – елдікке тағылым

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

Медициналық нысандардың құрылысы қарқынды

Қала әкімі әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Өзекті жаңалықтар

Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұл қабақты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті
Спорт

Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұл қабақты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті

0

Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов қатысып, жарысқа қатысушылар мен қонақтарды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен және...

Премьер-министр Олжас Бектенов  Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу

Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу

Ұрпақ пен ұлағат: Өнегелі өмірдің өшпес ізі

Ұрпақ пен ұлағат: Өнегелі өмірдің өшпес ізі

Ұрпақ жадындағы Ұлы Жеңіс

Ұрпақ жадындағы Ұлы Жеңіс

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ұлы Отан соғысының ардагері Смағұл қабақты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті
  • Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды
  • Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу
  • Ұрпақ пен ұлағат: Өнегелі өмірдің өшпес ізі
  • Ұрпақ жадындағы Ұлы Жеңіс
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі