• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 13 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Бүгін Шиелі аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

13.05.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мәжіліс барысында ауданның көктемгі дала жұмыстарының барысы жан-жақты талқыланып, егін науқанын ұйымдастыру, су ресурстарын тиімді пайдалану және егіс көлемдерін оңтайландыру мәселелері қаралды.

Аудан әкімі соңғы жылдары аймақта вегетациялық кезеңнің күрделі су тапшылығы жағдайында өтіп жатқанын атап өтті. Соған қарамастан, Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі қолдаулар көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің 2026 жылғы егін науқанында бекітілген көлемнен 1 гектар артық егін егілген жағдайда оған бір тамшы су берілмейтіні жөніндегі қатаң ескертуі жауапкершілікті күшейтуді талап ететінін айтты.

Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл облыс бойынша күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 мың 900 гектарға қысқартылып, жалпы көлемі 70 мың гектар болып бекітілді.

Оның ішінде ауданға тиесілі күріш көлемінің үлесі 10 мың 600 гектарды құрайды.

Қысқартылған күріш алқаптарының орнына егісті әртараптандыру аясында суды аз қажет ететін, өнімділігі жоғары дақылдарды егу жоспарланған. Бұл бағытта шаруашылық құрылымдарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нақты міндеттер жүктелуде.

Көктемгі егіс жұмыстарының барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков баяндама жасап, аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Баяндамашы егіс көлемдері, техника дайындығы, тұқым қоры, минералды тыңайтқыштар мен ағын су мәселелері жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында қосымша 3 мәселе қаралды.

«Төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпті су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ернұр Райымбеков хабарлама жасап, жаз мезгілінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, рұқсат етілмеген орындарда шомылудың алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндады.

«Көлік салығының орындалуы және мейрамханалар мен кәсіпкерлік нысандарын қайта бағалау жұмыстары туралы» аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Еркеғали Абдрахманов баяндап, салық түсімдерін арттыру және кәсіпкерлік нысандарын заң талаптарына сәйкестендіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, мәжілісте Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының барысы талқыланып, аудан аумағында санитарлық тазалықты сақтау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейту мәселелері айтылды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, көктемгі дала жұмыстары мен су үнемдеу шараларын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

Келесі мақала

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Оқи отырыңыз

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды
Экология

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
Қоғам

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды
Спорт

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті
Денсаулық

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Өзекті жаңалықтар

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды
Экология

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды

0

Аймақтағы «Таза Қазақстан» бағдарламасының бағыты санитарлық тазалыққа, абаттандыру және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға негізделген. Бюджеттен...

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды
  • Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
  • Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды
  • Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті
  • Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі