Аталған шараны «Жігер Қызылорда облыстық мүгедектердің қоғамдық бірлестігі» қоғамдық ұйымы жүзеге асырды. Жобаның негізгі мақсаты – қоғамнан шет қалу қаупі бар азаматтарға қолдау көрсету, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ету, құқықтық және психологиялық көмек беру, сондай-ақ тұрақты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары, жұмыспен қамту мүмкіндіктері, кәсіптік бағдар беру және құқықтық кеңестер жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған азаматтардың қоғамға бейімделуіндегі өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары сараланды.
Шараға сала мамандары, әлеуметтік қызметкерлер және қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, қатысушылармен ашық пікір алмасу жүргізді. Мамандар азаматтарды қоғам өміріне белсенді араласуға шақырып, заң талаптарын сақтау мен тұрақты еңбек етудің маңыздылығына тоқталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әлеуметтік жобалар азаматтардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау көрсету арқылы құқықбұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, аталған жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, түрлі бағыттағы түсіндіру және қолдау шаралары кезең-кезеңімен өткізілетін болады.









