• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Түнгі рейд: Жаңақорғанда жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

Аудан көлемінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңсыз жүру деректерін болдырмау мақсатында кезекті түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

18.05.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Рейд жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Нариман Үсенұлы жетекшілік етті.

Рейд барысында жұмысшы топ аудан орталығы мен елдімекендердегі жастар көп шоғырланатын орындарды аралады. Атап айтқанда, компьютерлік ойын-сауық орталықтары, саябақтар, спорт алаңдары мен көшелердегі қоғамдық орындар бақылауға алынды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру фактілерінің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түнгі мезгілде ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынатығы ескертілді. Сондай-ақ ата-аналарға бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндіріліп, қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық кеңестер берілді.

Түнгі рейд шарасына аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімі, жергілікті полиция қызметі, аудандық қоғамдық даму бөлімі, жастар ресурстық орталығының мамандары, сондай-ақ мектеп директорлары мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Бірлескен жұмыс барысында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері назарға алынды.

Айта кету керек, мұндай рейдтік шаралар аудан көлеміндегі барлық елдімекендерде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Негізгі мақсат – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алып, олардың қауіпсіз әрі тәртіпке сай ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау.

Алдыңғы мақала

Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті

Келесі мақала

Көкөніс және бақша дақылдарын егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі