• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Көкөніс және бақша дақылдарын егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шиелі ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алып, көкөніс және бақша дақылдарын егу науқаны белгіленген жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында егіс алқаптарында агротехникалық талаптар толық сақталып, қажетті техника мен адам күші жұмылдырылған, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

18.05.2026
in Экология
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгінде аудан диқандары көктемгі науқанға белсенді кірісіп, жер жырту, тұқым себу және суару жүйелерін ретке келтіру жұмыстарын кезең-кезеңімен атқаруда. Мамандардың айтуынша, биыл егіс көлемін ұлғайту арқылы тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

2026 жылы аудан бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің импортын азайту және жергілікті өнім көлемін арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Осы бағытта 235 гектар жерге картоп, 2545 гектарға бақша дақылдары және 2250 гектар алқапқа көкөніс дақылдарын егу жоспарланған. Қазіргі таңда бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, бірқатар шаруашылықтар егіс жұмыстарын бастап кеткен.

Аудан шаруалары егіс алқаптарында заманауи агротехникалық әдістерді пайдаланып, өнімділікті арттыруға басымдық беруде. Сонымен қатар, тұқым сапасы, минералды тыңайтқыштарды тиімді қолдану және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері де назардан тыс қалмаған.

Сала мамандары тарапынан егіс жұмыстарының сапасына тұрақты бақылау жүргізілуде. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға және ішкі нарықты жергілікті өніммен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарына қажетті әдістемелік және техникалық қолдау көрсету шаралары да ұйымдастырылуда.

Жалпы, Шиелі ауданында көктемгі дала жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуі ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң серпін беріп, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етпек. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болып, жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Түнгі рейд: Жаңақорғанда жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

Келесі мақала

Иіркөл ауылдық округіне жаңа жаңа әкім сайланды

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі