• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында көшпелі отырыс өтті

Бүгін «Руханият» орталығында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің көшпелі отырысы ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетов, аудан прокурорының міндетін атқарушы Махмут Алмас, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Раимов, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Кулмаханов, Өңірлік кәсіпкерлік кеңесінің мүшесі Мұрат Сәрсенбаев, Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ұлан Болат, қаржы ұйымдарының мамандары, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.05.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиынның негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, бизнес өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау және кәсіпкерлерге туындаған мәселелер бойынша нақты қолдау көрсету болды.

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін қолдау шаралары, жеңілдетілген несиелеу мүмкіндіктері, жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктері туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге салық саласы, заң талаптары және бизнес жүргізу барысында кездесетін өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.

Көшпелі отырыстан кейін делегация аудан орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Кәсіпкерлермен жүздесу барысында өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану және бизнесті дамыту бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Айта кету керек, мұндай кездесулер кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, бизнестің дамуына серпін беретін тиімді алаңға айналып келеді.

Алдыңғы мақала

Арал:Ақын мұрасы – ұрпаққа аманат

Келесі мақала

Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда: Шиеліде ведомствоаралық мәжіліс өтті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі