• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Арал:Ақын мұрасы – ұрпаққа аманат

Биыл Арал өңірінен шыққан қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығы,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.05.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Осыған орай бүгін Қамыстыбас ауылдық округінде ақын мұрасын ұлықтауға арналған мазмұнды шаралар өтті. Ақынның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған шараларға ақынның жары Ж. Сариева, қызымен және немересімен бірге арнайы келіп қатысты.

Алдымен №21 орта мектепте ұйымдастырылған «Ұлы дала – шөл даланың ұлымын» атты әдеби-сазды шарамен бастау алды. Жас шәкірттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, өнерпаздар халық жүрегінен орын алған әндерді орындады. Сондай-ақ, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Кеш соңында қонақтар мектеп жанындағы мұражайды аралап, ақын мұрасына арналған жәдігерлермен танысты.

Рухани шаралар легі ауылдық мәдениет үйінде өткен «Шөмішбай мұрасы – руханият шамшырағы» атты сыр-сұхбат кешімен жалғасты. Мәдениет үйінің фойесінде арнайы фотоаймақ ұйымдастырылып, ақын шығармашылығына арналған көрме көпшілік назарына ұсынылды.

Тағылымды сыр-сұхбатты «Толқын» газетінің бас редакторы Айдар Сайлауов жүргізді. Кеш барысында Жұмагүл Сариева ақынның шығармашылық жолы, отбасылық өмірі мен азаматтық болмысы жайлы естеліктерімен бөлісті.

Кеш Шөмішбай Сариевтің өз дауысымен оқылған «Кел, жылдарым!» өлеңінің бейнежазбасымен ашылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Одан кейін жас өнерпаздар мен көркемсөз оқу шеберлері ақын шығармаларын орындап, поэзия мен өнер үндескен мазмұнды кешке ұластырды.

Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі

А. Төлебайқызы сөз сөйлеп, Шөмішбай Сариев мұрасының ұлттық руханияттағы орны ерекше екенін атап өтті. Ол өз сөзінде ақын шығармаларының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталып, мұндай тағылымды шаралардың рухани құндылықтарды дәріптеудегі рөлі зор екенін жеткізді. Құрметті қонаққа ұлттық дәстүрге сай құрмет көрсетілді.

Мазмұны бай, тәрбиелік мәні зор қос шара да ақын мұрасын ұлықтап, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға бағытталған маңызды кездесулердің біріне айналды.

Алдыңғы мақала

Арал: Мәдениет саласы қызметкерлерінің күні «Халық әуені» атты ауқымды жобамен ұштасты

Келесі мақала

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында көшпелі отырыс өтті

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі