• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 24 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Мәдениет саласы қызметкерлерінің күні «Халық әуені» атты ауқымды жобамен ұштасты

Бүгін аудандық мәдениет үйінде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Мәдениет – ұлттың мәйегі» атты салтанатты мерекелік кеш өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.05.2026
in Мәдениет
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Биылғы мерекелік шара мазмұны жағынан өзгеше сипат алып, ұлттық өнер мен руханиятты ұлықтайтын ерекше форматта ұйымдастырылды. Мереке аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, Halyk Bank демеушілігімен жүзеге асырылып жатқан «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ауқымды мәдени жобасы аудан жұртшылығына ұсынылды.

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» – ұлттық музыкалық мұраны жаңғыртуға бағытталған, халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен рухани қазынасын заманауи форматта насихаттайтын бірегей жоба. Жоба аясында дәстүрлі өнер мен заманауи сахна мәдениеті үйлесім тауып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Аталған жоба шеңберінде министрлікке қарасты жетекші шығармашылық ұжымдар еліміздің 17 өңірінде гастрольдік сапар ұйымдастыруда. Ауданымыздағы «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» жобасының ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы жүзеге асырды.

Салтанатты кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаев пен облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Күлбаев сөз сөйлеп, мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Олар мәдениет – ұлттың рухани тірегі, ел болмысын айқындайтын асыл құндылық екенін атап өтіп, сала мамандарының өңірдің рухани дамуына қосып жүрген елеулі еңбектеріне жоғары баға берді.

Мерекелік іс-шарада ауданның рухани-мәдени дамуына үлес қосып жүрген бірқатар мәдениет қызметкерлері облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары мен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хаттары сала үздіктеріне табысталды.

Кеш барысында «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» концерттік-гастрольдік туры аясында «Astana Musical» мемлекеттік театрының «Мюзикл әлемі» атты концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды. Өнерпаздар түрлі жанрдағы шығармаларды орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Әсіресе, дәстүрлі халық әндері мен әлемдік өнер жауһарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Омарұлы қазақ өнерінің қарашаңырағы саналатын Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымына аудан жұртшылығы атынан шынайы ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің арнайы Алғыс хатын табыстады.

Өз кезегінде Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ресми өкілі Ержан Алданазаров аудан жұртшылығы мен жергілікті әкімдік тарапынан көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, шығармашылық ұжым еңбегіне берілген жоғары бағаның ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Алдыңғы мақала

Қазалы: Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті

Келесі мақала

Ақын мұрасы – ұрпаққа аманат

Оқи отырыңыз

Коммуналдық сала үздіктері марапатталып, техникамен қамтамасыз етілді
Қоғам

Коммуналдық сала үздіктері марапатталып, техникамен қамтамасыз етілді

Францияда Еуропа қазақтарының басқосуы өтті
Мәдениет

Францияда Еуропа қазақтарының басқосуы өтті

Құрылыс алаңындағы жұмыстар қарқынды
Қоғам

Құрылыс алаңындағы жұмыстар қарқынды

Аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты
Қоғам

Аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Қазалыда «Таза Қазақстан » экологиялық акциясына белсенді үлес қосқан азаматтар марапатталды

Қазалы: Тазалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өтті

Аудан активі Нұрсұлтан Әлтайды басқа қызметке шығарып салды

Арал ауданында тал егу шарасы өтті  

Сырдарияда «Таза Қазақстан» акциясы аясында іс – шара өтті

Өзекті жаңалықтар

Коммуналдық сала үздіктері марапатталып, техникамен қамтамасыз етілді
Қоғам

Коммуналдық сала үздіктері марапатталып, техникамен қамтамасыз етілді

0

Ауқымды акцияға облыс бойынша 17694 адам қатысты. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма, департамент...

Францияда Еуропа қазақтарының басқосуы өтті

Францияда Еуропа қазақтарының басқосуы өтті

Құрылыс алаңындағы жұмыстар қарқынды

Құрылыс алаңындағы жұмыстар қарқынды

Аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Қазалыда «Таза Қазақстан » экологиялық акциясына белсенді үлес қосқан азаматтар марапатталды

Қазалыда «Таза Қазақстан » экологиялық акциясына белсенді үлес қосқан азаматтар марапатталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Коммуналдық сала үздіктері марапатталып, техникамен қамтамасыз етілді
  • Францияда Еуропа қазақтарының басқосуы өтті
  • Құрылыс алаңындағы жұмыстар қарқынды
  • Аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты
  • Қазалыда «Таза Қазақстан » экологиялық акциясына белсенді үлес қосқан азаматтар марапатталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі