• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Аймақта 10 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев оқу жылының аяқталуына орай Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі түлектерінің салтанатты шарасына қатысты. Алтын ұядан ұшқалы тұрған мектеп бітірушілерге ақжолтай тілегін арнап, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.05.2026
in Білім
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Биыл аймақта 10 мыңнан астам жас түлек он бір жыл бойы білім алған мектебімен қоштасып, жаңа өмірге жолдама алды.

«Шын мәнінде, ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім. Тек білім ғана кез келген адам үшін өмір жолын дұрыс таңдауға, өзіне деген сенімділік пен табысқа жетуге зор мүмкіндік береді.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет», – деген болатын.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның ішінде білім беру саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып, 45 жаңа заманауи білім беру нысаны ел игілігіне берілді.

Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Соның бірі – өздеріңіз алғашқы түлегі атанып отырған Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің жаңа ғимараты. Бұл мектеп ашылған соң, «Арай» шағын ауданындағы мемлекеттік мектеп мәселесі толық шешімін тапты.

Еліміздегі әрбір игілікті іс сіздердің кемел келешектеріңізге арналуда. Сіздер білімге деген ұмтылыс, адал еңбек пен табанды іс-әрекет арқылы елге қызмет ететін азамат болып қалыптасады деп сенемін. Қанаттарыңыз талмасын! Бейбіт еліміздің көгінде самғап, ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Әрдайым жолдарыңыз ашық болып, арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер!», – деді МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ.

Аймақ басшысы осы оқу жылында 100-ге жуық сырбойылық оқушы республикалық, халықаралық білім бәйгелерінде топ жарып, жүлделі орын иеленгені ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегі екенін ерекше атап өтті.

Биылғы оқу жылын өңірдің 320 мектебінде

1-11 сынып оқитын 189 288 оқушы аяқтады, 987 оқушы «Алтын белгіге», 1 141 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеудің шешуші кезеңі 10 мамыр-10 шілде аралығында Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы тестілеу орталықтарында өтеді. Оған 11-сыныпты бітіруші 10 317 түлектің 9 250-і қатысады.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жоспарланған. Биыл 170 мыңнан астам оқушы жазғы тынығу лагерьлерінде, 150 мыңға жуық бала мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Жақында Президент саябағы аумағынан Мемлекет басшысының қолдауымен жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін оқу-сауықтыру орталығы ашылды.

Салтанатты шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев білім ұясынан қанат қаққан жастарға ақ жол тілеп, ізгі лебізін білдірсе, ата-аналар атынан сөз сөйлеген Мұхит Төребаев ұстаздарға ризашылығын жеткізді.

Алдыңғы мақала

Қазалыда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне 3 техника табысталды

Келесі мақала

Қазалы: Өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі