• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін Қазалы ауданында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өтті ,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

01.06.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қазалы мәдени-демалыс кешенінде ұйымдастырылған шарада өнерлі, суретші балалар өздерінің қолдан жасаған түрлі бұйымдарынан көрмелерін таныстырды.

Мерекелік шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, қазалылық бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

— Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады», — деген болатын.

Ел Президентінің бастамасымен сіздердің болашақтарыңыз жарқын болуы үшін, жайлы да жақсы өмір сүрулеріңіз үшін ауқымды жұмыстар қолға алынып келеді.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен, төрт жылдан астам уақыт облысымызды басқарған Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен өңірімізде 200-ден астам әлеуметтік нысандар бой көтерді. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде 10 жаңа мектеп салынды. Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, музыкалық колледж. Оқушылар сарайы, «Сыр жұлдыздары» академиясы, бірқатар аудандарда Оқушылар үйі мен Өнер мектептері пайдалануға берілді.

Жуық арада облыс орталығында Балалар тынығу лагері ашылса, бүгін мереке аясында облыс орталығында аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлының қатысуымен Ботаникалық білім беру орталығы пайдалануға берілуде.

Алдағы уақытта да аймақ басшысының қолдауымен жоспарланған жұмыстар жетерлік. Өздеріңіз туған Қазалы ауданында да жыл сайын сіздер білім алатын, өнер үйренетін, шыңдалатын, шынығатын мектептер, спорт кешендері салынуда.

Мәселен, «Келешек мектептері» жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді. Ауданымызда 9 мектепке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жылдың басында Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілсе, маусым айының ішінде Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында да заманауи спорт кешендері ашылатын болады. Бұдан бөлек, биыл аудан орталығында 2 спорт алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізсек, бүгін мереке аясында Әйтеке би кентінен 2 жаңа спорт алаңын пайдалануға бердік. Болашағымыз балаларымыз үшін жасалатын игі жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады. — деді аудан әкімі.

Мерекелік шарада өнерпаздар бүлдіршіндер ән шырқап, би билеп, мерекеге жиналған жұртшылыққа ерекше көңіл-күй сыйлады.

Шарада бүлдіршіндерге арналған қызықты ойындар ұйымдастырылып, түрлі ертегі кейіпкерлері балалармен бірге көңілді кеш өткізді. Арнайы батуттар құрылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Алдыңғы мақала

Қазалыда мереке қарсаңында екі спорттық ойын алаңы пайдалануға берілді

Келесі мақала

Қазалы: Мерекеде балғындар қуанышқа бөленді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі