• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Қазалыда мереке қарсаңында екі спорттық ойын алаңы пайдалануға берілді

Бүгін Қазалы ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудан орталығы - Әйтеке би кентінде екі бірдей спорттық ойын алаңдары ел игілігіне табысталды, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

01.06.2026
in Спорт
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жаңа нысандар 5 квартал аумағындағы №276 мектеп жанында және 2 квартал аумағындағы жаңадан ашылған тұрғын үйлер маңында пайдалануға берілді.

Заманауи үлгіде салынған спорт алаңдары балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік бермек.

Спорт алаңдарының ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, тұрғындар қуанышымен бөлісті.

— Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев -балалардың қауіпсіздігі мен жарқын болашағын қамтамасыз етуді әрдайым басты назарда ұстап келеді. Осы бағытта елімізде, оның ішінде ауданымызда да өскелең ұрпақтың игілігі үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі мерейлі мереке қарсаңында аудан орталығы – Әйтеке би кентінде бір емес, екі бірдей спорт алаңының пайдалануға берілуі – соның нақты көрінісі. Бұл – балаларымыздың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жасалған маңызды қадам. Президент Жолдауынан туындаған міндеттер негізінде ауданымызда спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың өзінде аймақты 4 жылдан астам уақыт басқарған Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берлісе, бүгінде Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында заманауи спорт кешендерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы спорт саласында аудан бойынша 12 спорт нысаны, оның ішінде спорт мектептері мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері қызмет көрсетіп, 36 спорттық үйірме жұмыс жасауда. Бұдан бөлек, аудан көлемінде 60 жасанды спорт алаңы ел игілігіне берілген. Мұның барлығы — балаларымыздың дені сау әрі елжанды азамат болып қалыптасуы үшін жасалып жатқан игі істер. Алдағы уақытта аудан көлемінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының басшылығымен, ауданға жасаған қолдауының нәтижесінде бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асатын болады.
Биыл аудан орталығында 2 спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өздеріңіз куә болғандай 2 спорт алаңы пайдалануға берілуде. Жаңадан пайдалануға беріліп отырған бұл спорт алаңдары аудан жастары мен жасөспірімдерінің сүйікті орнына айналып, талай жас спортшы шыңдалып, ауданымыздың намысын қорғайтын азаматтар тәрбиеленеді деп сенеміз, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Спорт алаңдарының ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Оразғали Бекбанов, Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбай, спорт саласының ардагелері Қуанған Бәкен, Мейрамбек Қарабалаев пен ақсақалдар сөз сөйлеп, бата беріп, жаңа спорт алаңдарының ашылуымен құттықтады.

Бұдан кейін жаңа спорт алаңның құрылысын жүргізген мердігер мекеме – «Cарым Құрылыс» ЖШС-нің құрылысшылары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Салтанатты шара соңында аудан әкімі мен зиялы қауым өкілдері, тұрғындар жаңа спорт алаңдарын аралап көріп, жас спортшылармен жүздесті. Аудан басшысы жас спортшыларға сәттілік тілеп, жарқын болашақ тіледі.

Алдыңғы мақала

Аралда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті

Келесі мақала

Қазалы: Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі