Алайда мердігер мекеменің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысы тоқтап қалған болатын. Көпір құрылысы жұмыстарын аяқтау үшін қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз болып «НұрлыТау ЛТД» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі анықталды.
2025 жылдың сәуір айында аймақты төрт жылдан астам уақыт басқарған Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен көпір құрылысы қайта басталып, жаңа мердігер мекеме тиісті жұмыстарды бастаған болатын.
2025 жылы «Қарлан» көпірінің жұмысын жалғастыруға 758,4 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілсе, «Қарлан» көпірінің жоба сметалық құжаттарының қажетті қаржысына қайта есептеме жүргізіліп, жоба құны 6,7 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
Қазіргі таңда көпірдің негізгі тірек бөліктерін орнату және бетонтіреулерін құю жұмыстары атқарылуда.
Бүгінде 84 дана свай қағу жұмыстары толық аяқталып, жоспарланған 8 тіреудің 5-еуі орнатылған. Қалған тіреулер бойынша құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.
Қарлаң көпірінің құрылысы тезірек аяқталса Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекеніндегі 12 мыңға жуық халықтың алыс-берісі артып, жол қатынасы жақсара түспек.









