Бүгінде аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі 91 пайызды құрайды.
2026 жылға Қожабақы-Аранды (Жобаның болжамды құны 755 млн. теңге) және «Қарлан» учаскесінен Бірлік ауылына дейінгі аралықтағы (Жоба құны 254 млн. теңге) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жоспарымызда бар.
Биылғы жылға Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесінің айналма жолының құрылысына 379 млн. теңге (Келісім шарт құны 383,6 млн. тг), А.Талқанбаев көшесінің жолын қайта жаңғырту жұмысына 115 млн. теңге (Келісім шарт құны 156,5 млн. тг) бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына дейін тағы да Әйтеке би кентіндегі 10 көшеге күрделі және орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарымызда бар.
2026 жылға «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» маңызы бар автомобиль жолының 32,1 шақырымдағы темірбетонды көпірге күрделі жөндеу жұмысына облыстық бюджеттен 363,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан орталығының көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолы да тұрғындардың жиі көтеретін мәселерінің бірі.
Биылғы жылы 163,8 млн. теңгеге 4,5 шақырым құрайтын Т.Бөріқұлақов (113,8 млн. тг, 2,9 км) және Жетес би (50 млн. тг, 1,6 км) көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынуда.









