• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов пен Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Нұрболат Дүйсенбаевтың қатысуымен қала активінің кеңейтілген жиыны өтіп, Қызылорда қаласының жаңадан тағайындалған прокуроры таныстырылды. Бұл туралы «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

04.08.2026
in Құқық, Саясат
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Ерлан Алмазұлы Қызылорда қаласының прокуроры қызметіне тағайындалғаны ресми түрде жария етілді. Қала активі жаңа басшының еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесі туралы жан-жақты ақпаратпен таныстырылды.

Ерлан Алмазұлы 1984 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Қызмет барысында прокуратура органдарында түрлі жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, құқық қорғау саласында мол тәжірибе жинақтады.

Әр жылдары Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының аға көмекшісі, бөлім бастығы, Астана қаласы мен Павлодар облысы прокуратураларының басқарма прокуроры қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Павлодар және Байқоңыр қалалары прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департаменті басқармасының аға прокуроры лауазымдарында еңбек етті.

Бұдан бөлек, Көкшетау қаласы мен Сырдария ауданының прокуроры, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен заңдылықты нығайту бағытында елеулі тәжірибе қалыптастырды. 2024 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Астана қаласының «Байқоңыр» ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Қала әкімі Нұржан Ахатов жаңа прокурордың кәсіби біліктілігі мен мол тәжірибесіне тоқталып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

– Ерлан Алмазұлы прокуратура саласының түрлі деңгейіндегі жауапты қызметтерден өткен, мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы білімі мен тәжірибесін Қызылорда қаласының дамуы мен тұрғындардың құқықтарын қорғауға бағыттап, жаңа қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін. Өз міндетін абыроймен атқарып, қаладағы құқықтық тәртіптің нығаюына зор үлес қосады деп сенімдімін, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиын барысында қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев та сөз сөйлеп, Ерлан Алмазұлын жаңа қызметімен құттықтап, жауапты лауазымында табысты еңбек етіп, ел сенімін ақтайтынына сенім білдірді.

Кездесу соңында қала активі жаңа прокурорға алдағы қызметіне сәттілік тілеп, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік арасындағы өзара ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда қаласының прокуроры қызметін атқарған Жандарбек Сұлтанбекұлы басқа қызметке ауысуына байланысты аталған лауазымнан босатылған болатын.

Алдыңғы мақала

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Келесі мақала

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Әлеумет және экономика

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі