• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 14 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

Нашақорлық пен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандар мен жастардың есірткі қылмыстарына тартылуына жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі заттарын қолдануға теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында «Жастар өмірді таңдайды!» атты есірткіге қарсы флешмобтар байқауы өтті.

21.09.2026
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Байқауды Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

Байқаудың екінші кезеңіне облыстағы 62 білім беру ұйымының командалары қатысып, жалпы 1173 қатысушыны қамтыды. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысып, салауатты және белсенді өмір салтын насихаттауға, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқыққа қайшы әрекеттерге тартылудың алдын алуға бағытталған командалық флешмобтарын ұсынды.

Қатысушылар музыкалық сүйемелдеуді, тақырыптық плакаттарды, әлеуметтік ұрандарды, есірткіге қарсы ұрандар мен басқа да шығармашылық элементтерді пайдалана отырып, өздерінің қойылымдарын көрсетті. Флешмобтарда саналы таңдау, есірткіден бас тарту, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және салауатты әрі қауіпсіз болашаққа ұмтылу идеялары көрініс тапты.

Байқау барысында қойылымдардың тақырыпқа сәйкестігіне, ерекшелігі мен шығармашылығына, сапасына, командалық үйлесімділігіне, әлеуметтік маңыздылығы мен позитивті мазмұнына, сондай-ақ тақырыптық атрибутика мен есірткіге қарсы ұрандардың қолданылуына ерекше назар аударылды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған білім беру ұйымдары: Қызылорда қаласының №278 мектеп-лицейі, №296, №10 және №295 орта мектептері; Қазалы ауданының №103 және №276 орта мектептері; Қармақшы ауданының №298 орта мектебі.

Мұндай іс-шаралар жастардың есірткі заттарын қолдану мен олардың заңсыз айналымының теріс салдары туралы хабардарлығын арттыруға, есірткі қылмыстарына тартылудың алдын алуға, құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті мінез-құлықты қалыптастыруға, сондай-ақ денсаулық, спорт, шығармашылық және қауіпсіз болашақ құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді.

Байқаудың басты мақсаты – жастардың есірткісіз өмірді, саналы және қауіпсіз болашақты таңдауы!

Алдыңғы мақала

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Келесі мақала

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Оқи отырыңыз

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады
Әлеумет және экономика

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді
Құқық

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
Спорт

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!
Экология

Таза қала – ортақ іс!

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Өзекті жаңалықтар

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады
Әлеумет және экономика

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

0

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. «Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы:«Ауыл...

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады
  • «Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді
  • Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
  • Таза қала – ортақ іс!
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі