• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 22 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және заманауи цифрлық технологияларды енгізу мәселелері Қызылорда қаласында басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылуда деп,- «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

22.09.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Осы мақсатта бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте «Жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» мәселе жан-жақты талқыланды. Мәжілісте берілген тапсырмалар негізінде қала әкімдігінде арнайы жиын өткізіліп, шаһар басшысы Нұржан Ахатов жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

Кеңесте жол инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру және цифрлық бақылау жүйелерін дамыту мәселелері кеңінен сөз болды. Қала әкімі қауіпсіз жол ортасын қалыптастыру тек инженерлік жұмыстармен ғана шектелмей, цифрлық технологияларды тиімді пайдаланумен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.

Биыл Қызылорда қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы көлемі 38 миллиард теңгені құрайтын ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл қаражат жаңа жолдар салуға, көшелерді қайта жаңғыртуға, жолдардың сапасын арттыруға және көлік қозғалысын қауіпсіз ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен қатар тұрғындардың кешкі және түнгі уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 42 көшені жарықтандыруға арналған жобалар әзірленіп, оған 1 миллиард теңге қаржы қаралған.

Жол қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Қала көлемінде тоқсан сайын жол белгілері жаңартылып, жол таңбалары қайта сызылып, қозғалыс қарқыны жоғары аумақтарға жаңа бағдаршамдар орнатылуда. Бұл шаралар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жол қозғалысын реттеудің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Соған қарамастан, жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары әлі де кездесуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың сегіз айында қала аумағында 575 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 17 пайызға төмендеген. Бұл профилактикалық жұмыстардың нәтижесін көрсеткенімен, қауіпсіздік шараларын одан әрі күшейту қажеттігін аңғартады.

Жиында қала әкімі құқық қорғау органдары мен жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысын күшейтіп, профилактикалық түсіндіру шараларын жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.

– Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, профилактикалық шараларды күшейту қажет. Жаяу жүргіншілерге де, көлік жүргізушілеріне де күн сайын түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Біз үшін ең басты құндылық – адам өмірі. Сондықтан берілген тапсырмалар сапалы әрі уақытылы орындалуы қажет, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Бүгінде қалада «Ақылды қала» және «Қауіпсіз қала» жобалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Аталған жобалар аясында жол қозғалысын автоматты бақылау, бейнебақылау жүйелерін кеңейту, интеллектуалды бағдаршамдарды енгізу, көлік ағынын цифрлық талдау және жол-көлік оқиғаларының қаупі жоғары учаскелерді деректер негізінде анықтау бағытындағы жұмыстар қарқын алуда. Бұл шешімдер қала инфрақұрылымын тиімді басқаруға және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жауапты сала мамандары жол қозғалысын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын дамыту, инженерлік инфрақұрылымды заманауи талаптарға сәйкестендіру, интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу және деректерге негізделген басқару тетіктерін кеңінен пайдалану бойынша жұмыстарды жалғастырады. Мұндай цифрлық шешімдер қала көшелеріндегі қозғалысты оңтайландырып қана қоймай, төтенше жағдайлардың алдын алуға, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Қызылорда қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қолға алынған кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, заманауи цифрлық технологияларды енгізу арқылы көлік инфрақұрылымының сапасын жаңа деңгейге көтеруге басымдық берілмек.

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

Келесі мақала

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

Оқи отырыңыз

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі
Қоғам

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Өзекті жаңалықтар

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі
Қоғам

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

0

Тасбөгет кентінің тұрғыны Ә.Молдағұлова көшесі бойынан балалар ойын алаңын салу туралы ұсынысын жеткізді. Бүгінде Тасбөгет кентінде 14...

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі
  • Жолдағы қауіпсіздік – басты талап
  • Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі