• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 19 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Облыс әкімі қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Алдымен аймақ басшысы балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық иновациялық орталықтың жұмысымен танысты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

30.06.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл кешен бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды. Орталықта бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залдары, үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек және үстел теннисі залдары қарастырылған.
Ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері бар. Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.

Әрі қарай, “Қызылорда-нан” ЖШС-ның кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешендегі жұмыс барысын көрді. Бұл жобаға мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, су және кәріз жүйелерін жеткізуге қаржы бөлінген.

Аймақ басшысы Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі жол құрылысының барысын көрді. Ұзындығы 2,9 шақырымды құрайтын жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні 2,4 шақырым аумақта астыңғы қабатты тазалау және ашу жұмыстары аяқталып, 2 шақырым бөлікте тірек қабырғаларын құю жұмыстары жалғасуда. Жобаның мердігері – “Автомобиль жол басқармасы” ЖШС.

PS. Сол жағалаудағы жаңа стадион құрылысы да назардан тыс қалмады.
Мұнда шығыс және батыс трибуналардың металл конструкциялары орнатылып, қабырғалар, ішкі бөлмелер мен сыртқы витраждар қаланған. Қазіргі таңда футбол алаңын жабдықтау, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

«Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенінің құрылысы талқыланды

Келесі мақала

Туризм және спорт министрлігі спортты дамытуда жаңа ғылыми тәсілдерді енгізіп жатыр

Оқи отырыңыз

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті
Қоғам

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті
Мәдениет

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті

Сырдарияда “Таза Қазақстан” акциясы аясында тал егу жұмыстары жүргізілді
Қоғам

Сырдарияда “Таза Қазақстан” акциясы аясында тал егу жұмыстары жүргізілді

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты
Оқиғалар

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Жаңақорғанда медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

Өзекті жаңалықтар

Тәлім мен таным түйіскен тұс
Құқық

Тәлім мен таным түйіскен тұс

0

Төрден орын алған құрметті қонақтар – жылдар бойы жарғақ құлағы жастыққа тимей, салада табан аудармастан қызмет еткен...

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Тәлім мен таным түйіскен тұс
  • Тазалыққа үн қосқан ұжым
  • Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті
  • Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді
  • Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі