• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 3 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Әлеуметтік серіктестік нәтижесі: Қор көмегімен маңызды жобалар іске асты

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесуде қор демеушілігімен жүзеге асқан қайырымдылық бағдарламалары мен жобалардың нәтижелері туралы айтылды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

07.08.2025
in Әлеумет және экономика
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ұсыныстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.

«Қазақстан халқына» қоры аймақта 10,1 млрд теңгенің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруда. Оның 4,8 млрд теңгесі денсаулық сақтау, 2,7 млрд теңгесі білім беру және 2,6 млрд теңгесі спорт саласына бағытталған.
2022 жылы облыстық көпбейінді балалар ауруханасы базасында, былтыр Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» балаларды оңалту орталықтары ашылып, 3500-ден астам бала оңалтудан өтті. Орфандық дертке шалдыққан 20 науқас 2,4 млрд теңгеге, онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын 26 науқас 466,2 млн теңгеге дәрі-дәрмекпен қамтылды. Қан тамыры патологиясы бар 4 бала 640 мың теңгеге ем алды. Онкологиялық скрининг жүргізуге арналған екі жылжымалы медициналық кешен 1,1 млрд теңгеге сатып алынып, 6 мыңнан астам тұрғын тексеруден өтті. Балалар нейрохирургиясын дамыту үшін 92,2 млн теңгеге құрал-жабдықтар әкелінді. Сонымен қатар, генетик пен УДЗ маманы шетелде оқытылып, 4,19 млн теңгеге трансплант-үйлестіруші даярланды. Көз қабығын трансплантациялаудың 171 отасы жасалып, облыс бойынша 5 науқасқа 6 млн теңгеден көмек көрсетілді. Жаңақорғандағы оңалту орталығы 562 млн теңгеге медициналық жабдықтармен жарақталды. Биыл облыстық балалар ауруханасы жанынан Ерте араласу орталығы ашылып, оны жабдықтауға 69,7 млн теңге бөлінді. Байқоңыр қаласында да балаларға арналған оңалту орталығын іске қосу көзделуде.
2022–2024 жылдары аудан орталықтарындағы 6 тірек мектептің әрқайсысына 250 млн теңгеден, жалпы 1,5 млрд теңге бөлініп, пән кабинеттері, спорт зал, асхана, акт залы жаңғыртылды. Биыл Сырдария ауданындағы №36 және Байқоңыр қаласындағы №277 мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 500 млн теңге бөлінді. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған №5, 6, 7 интернаттардың инфрақұрылымын жақсартуға 99,5 млн теңге жұмсалды. 2023 жылы «Болашақ инженерлер» жобасы аясында 9 мектеп робототехника құралдарымен қамтамасыз етіліп, оған 32,4 млн теңге бағытталды. Сонымен қатар, 2023–2024 оқу жылында 68 студенттің оқуына 365,2 млн теңге, ал 2030 баланың жазғы лагерьлерде тынығуына 217,1 млн теңге бөлінді.
Қармақшы және Сырдария аудандарындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт залдарына 17,5 млн теңгеге жабдықтар жеткізілді. Шиелі ауданының Досбол датқа ауылында салынған спорт кешені осы жылдың ақпанында пайдалануға берілді.
Кездесуде Ләззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысы арасындағы жолға қойылған тұрақты әріптестік байланыс одан әрі жалғасатынын жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылордада пробация есебіндегі әйелдер мекенжайы бойынша тексерілді

Келесі мақала

Қызылорда облысында көлеңкелі экономика мен алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жүргізілуде

Оқи отырыңыз

“Қазақстан-достықтың мекені” атты салтанатты шара өтті
Мәдениет

“Қазақстан-достықтың мекені” атты салтанатты шара өтті

Инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралды
Қоғам

Инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралды

Көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамыту мәселесі қаралды
Әлеумет және экономика

Көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамыту мәселесі қаралды

Случай в школе
Қоғам

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

Президент саябағында «Бірлік. Достық. Береке» атты мерекелік шара өтті

Шиелі ауданында бірлік мерекесі кең ауқымда аталып өтті

«Бозторғай» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық конкурсы өтті

Шиелі ауданында шеберлік пен жаңашылдық ұштасқан байқау өтті

Өзекті жаңалықтар

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
Экология

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

0

Аудан басшысы «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталып, оның жай ғана тазалық шарасы емес, ел болашағы үшін мәні...

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
  • Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
  • Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды
  • Аралда бірлік мерекесі аталып өтті
  • Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі