• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 18 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда «Адал ұрпақ, білімді жас, кемел келешек» атты алқа отырысы өтті

Бүгін Қазалы ауданында білім қызметкерлерінің 2025-2026 оқу жылы қарсаңында «АДАЛ ҰРПАҚ, БІЛІМДІ ЖАС, КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК» атты ұрпақ тәрбиесіне арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

29.08.2025
in Мәдениет
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан прокуроры Дарын Әбіш, білім саласының ардагерлері, ата-аналар комитетінің төрағалары, білім беру ұйымдарының басшылары және ұстаздар қауымы мен ата-аналар қатысты.

Кеңейтілген алқа отырысында алдымен Жалғас Оңғарұлы барша жиынға қатысушылар мен ұстаздар қауымын 30 тамыз — Конституция күні мерекесімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауданның білім саласының дамуына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен саладағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Алқа отырысында аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов білім саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндаса, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан шаралар туралы баяндама жасады. Баяндамашылардан кейін аудан прокуроры Дарын Әбіш сөз алып, жас ұрпаққа саналы тәрбие беру жолында қолға алынып жатқан іс-шараларды ауызбіршілікпен атқарып, бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.

Жиын барысында Бірлік ауылындағы №102 орта мектептің ата-анасы, шебер педагог Тамаша Мұратбай мен Сәкен Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің мұғалімі, ерікті жасақшылар тобының мүшесі Ерлан Бекберген отбасы құныдылықтары, отбасындағы бала тәрбиесі жайында сөз қозғады. Сондай-ақ бірлігі бүтін, іргесі мықты ел болу үшін жас ұрпаққа саналы да, сапалы білім мен таза, рухани тәрбие беру міндеті баршаға ортақ міндет екендігін жеткізді.

Жиында Жалғас Оңғарұлы мемлекет тарапынан ұрпақ тәрбиесіне, білім беруші мен білім алушыға жасалып жатқан жағдай, көрсетіліп жатқан қолдаулар және жалпы ауданның білім саласында қол жеткізіп жатқан оң нәтижелі жұмыстар жайында кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар бала тәрбиесі, жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелерінің алдын алу, жас ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамту, балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу, олардың денсаулығы, тәрбие жұмыстарын жетілдіру сынды өзекті мәселелерге байланысты білім беру ұйымдары мен әрбір жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында Жалғас Оңғарұлы барша жиынға қатысушыларды бала болашағына бағытталған әрбір игі іске қолдау білдіріп, отбасындағы құндылықтарды сақтау, өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие беру жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырды.

Алдыңғы мақала

Қызылордада пробация есебіндегілер асық атудан сынға түсті

Келесі мақала

Қазалыда конституция күніне орай салтанатты шара өтті

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Қоғам

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда
Саясат

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды
Әлеумет және экономика

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды
Спорт

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Қоғам

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

0

Қызылорда облысында ауыл ақсақалдары, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және белсенді жастардың бірлескен жұмысының нәтижесінде бұған...

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
  • Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда
  • Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды
  • Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды
  • Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі