• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

Қызылордалық әйел жатыр су мен кіші дәретті ажырата алмаған дәрігерлердің жазалануын талап етеді

Өйткені соның кесірінен келіншек құрсағымдағы сәбиімнен айырылдым деп отыр, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

03.09.2025
in Оқиғалар, Сөзім жоқ
0
502
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қызылорда облысында жатырындағы нәрестесінен айырылған әйел дәрігерлердің жазалануын талап етеді. 36 жастағы келіншек толғағым жетіп, қағанақтағы су кеткенде ақ халаттылар босандырудың орнына, тексерместен үйіме қайтарды дейді. Соның кесірінен іштегі шақалақ тұншығып көз жұмды деп ашынады. Ал аудан дәрігерлерінің құрсақ суы мен кіші дәретті ажырата алмағаны рас па? Жауаптылар неге жазасыз қалды? Абай Нұржанұлы толықтырсын.
Аман-есен дүниеге келген қызымды бауырыма бассам деген арманы орындалмаған Динара Шотанова көз жасына ерік берді. Перзентханаға сап-сау барған келіншек бәріне дәрігерлердің дер кезінде көмек көрсетпегені себеп дейді. Ол құрсақтағы су шыққаннан-ақ мамандарға жүгінген. Баста барғанда сәбиім тірі еді дейді. Бірақ ақ халаттылар қағанақ суын, кіші дәрет деп, толғағы қысқан ананы бақылауға алудан бас тартқан екен.

-Су кеткен жағдайда олар менен тест алу керек екен. Сол тестті алмай мені ауруханадан шығарып жіберді. Сіз кіші дәретке жіберіп қойдыңыз деді де, қарауға ерініп дальше мен сізді бақыладым, сіздбен су кетіп тұрған жоқ деді. Сол тестті алғанда мүмкін балам тірі қалар ма еді, — дейді Динара ШОТАНОВА, Шиелі ауданының тұрғыны

Осылайша екі күн өткен соң Динара Шотанова өз аяғымен перзентханаға тағы барған. Ал құрсақтағы сәбидің жүрегі тоқтағанын сол кезде бір-ақ білдік деп күйінеді.

-Баламның ісіне қатысты дәрігерлер заңды түрде жазасын алуын сұраймын. Осындай дәрігерлердің кесірінен қаншама бала өліп жатыр, бұдан кейін де өлуі мүмкін. Қаншама аналар мен сияқты жылап қалмаса екен, — дейді Динара Шотанова

Ал аудандық ауруханадағылар шақалақтың шетінеуіне нақты себеп болғанын айта алмады. Сондай-ақ Динара Шотанова көмек сұрап келген сәтте, тиісті қызмет көрсетілмегенін мойындайды. Ал жауапты мамандар қатаң сөгіспен құтылыпты.

-Өзіміз тексеру жүргіздік комиися құрып. Комиссия шешімімен сол Шотанованы қабылдауға қатысқан дәрігерлерге әкімшілік тәртіптік шара көрілді. Құқық қорғау органдарының шешіміне байланысты әрі қарайғы әрекеттер солардың шешімімен жүреді, — дейді Алмас Әбілпатта, Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігері

-Жарық дүниені көрместен жатырымда шетінеген шақалақтың өліміне кінәлі дәрігерлер әлі де өз қызметінде жүр,- дейді Динара Шотанова.

Сондықтан ол жауаптылардың заң алдында жауап беруін талап етеді. Ал Шиелі аудандық полиция бөліміндегілер бұл іс бойынша “медицина қызметкерлерінің кәсіби міндетін тиісінше атқармауы” бабымен тергеу жалғасып жатқанын жеткізді.

Алдыңғы мақала

«Dauletten» қайырымдылық қоры 1000 баланы мектепке дайындады

Келесі мақала

Қызылорда облысында күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды

Оқи отырыңыз

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда
Экология

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
Спорт

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Облыс әкімі Қарауылтөбедегі өрт сөндіру бекетінің ашылуына барды

Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда

Өзекті жаңалықтар

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда
Экология

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

0

Мемлекет басшысының халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында ауданда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде...

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда
  • Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
  • Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
  • Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
  • Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі