• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 5 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылорда облысында күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды

Қызылорда облысында күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары басталды. Биыл қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында өңірден 900-ге жуық 18–27 жас аралығындағы азамат әскер қатарына шақырылып, Қарулы Күштерде, Ұлттық ұланда, Шекара қызметінде және басқа да әскери құрылымдарда борышын өтейді, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

04.09.2025
in Қоғам, Құқық
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қызылорда облысында күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары басталды. Биыл қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында өңірден 900-ге жуық 18–27 жас аралығындағы азамат әскер қатарына шақырылып, Қарулы Күштерде, Ұлттық ұланда, Шекара қызметінде және басқа да әскери құрылымдарда борышын өтейді, — деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

Жас сарбаздарға әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған: несие төлемдері уақытша тоқтатылады, сондай-ақ білім алуда жеңілдіктер беріледі. Аймақ жастары ел қорғау міндетін абыроймен атқарып, мемлекет тарапынан қолдауға ие болмақ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Нұрлыбек Сейітханов мәлімдеді.

— ⁠Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны – жас ұрпақтың ел алдындағы ең басты борышын орындауының айқын көрінісі. Бүгінгі таңда Қызылорда облысынан 900-ге жуық азамат әскер қатарына аттануға дайындық үстінде. Олардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Ұлттық ұланда, Шекара қызметінде және өзге де әскери құрылымдарда борышын өтейді. Бұл — жас сарбаздарымыздың шыңдалып, нағыз азамат болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік. Әскерге шақырылған жастарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мәселен, мерзімді қызметке барған сарбаздардың несие төлемдері бір жылға тоқтатылады. Сондай-ақ, білім беру саласында жеңілдіктер қарастырылған. Ұлттық бірыңғай тестілеусіз-ақ жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі бар. Биылдың өзінде Қызылорда облысынан 61 жас мемлекеттік білім грантын иеленді. Бұл жастарымыздың білім алуға деген ынтасын арттырып, болашағына сеніммен қарауына жол ашады. Сонымен бірге, азаматтарды әскерге шақыру барысы заманауи әдістермен жүзеге асырылуда. Арнайы 1414 сервисі арқылы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық режимде енгізілді. Бұл шақырылушыларға уақытылы ақпарат жеткізіп, олардың әскери бөлімдерге белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әскер қатарына шақырылған әрбір жас — еліміздің болашағы, ел қорғауға дайын азамат. Сондықтан біз олардың денсаулығына, білім деңгейіне, моральдық-психологиялық дайындығына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Қатарымыздан тек елін сүйетін, жауапкершілікті сезіне білетін азаматтар әскер сапына қосылады. Жас сарбаздардың борышын абыроймен өтеп, тәжірибе жинап, Отан алдындағы парызын адал атқаратынына сенімдіміз. Әскерде алған тәрбие мен шынығу олардың азамат ретінде қалыптасуына үлкен серпін беріп, болашақ өміріне жол ашатыны анық, — деді Нұрлыбек Қалыбекұлы.

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылордалық әйел жатыр су мен кіші дәретті ажырата алмаған дәрігерлердің жазалануын талап етеді

Келесі мақала

Көру қабілеті төмендеген адамның миынан 18 см құрт шыққан

Оқи отырыңыз

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Құқық

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
Құқық

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

0

Алдымен ардагерлер «Қызылорда арена» спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи спорт нысанында халықаралық стандарттарға сай 50 метрлік...

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
  • Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
  • Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі