• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 4 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Orda School мектебінде нағыз ертегі орнады. Кәдімгі оқу сыныбы небәрі бір кеште махаббат пен мейірімге толы мерекелік сахнаға айнала кетті. 5-сынып оқушылары бұл кешке бар жанын салды: айналаны шарлармен безендіріп, төбеден нәзік ленталар мен аналарының суреттерін іліп қойды. Әр фотоның астында бала жүрегінен шыққан ең тәтті тілектер мен алғыс сөздері менмұндалап тұрды. Бұл кеш тек көктем мерекесі емес, бала бойындағы адамгершілік пен отбасына деген құрметті оятатын «Адал азамат» бағдарламасының жарқын көрінісі болды. Шығармашылық арқылы бүлдіршіндер ең басты нәрсені — мейірімді болуды және жақындарын бағалай білуді үйренді. Концерттің ең сиқырлы тұсы — ағылшын тіліндегі ертегі-әндер болды. Оқушылар сахнада нағыз актерлердей өнер көрсетті: «Кішкентай ханзаданың» сырлы әлемі, «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісіндегі ана туралы нәзік ән, сүйкімді Қызыл Телпек пен Пьероның бейнелері көрерменді баурап алды. Ал финалдағы «Буратино» әні барлық кейіпкердің басын қосып, көңілді аяқталды. Балалардың өз қолдарымен дайындаған костюмдері әр бейнеге ерекше жылулық сыйлады. Кештің ең толқынысты сәті — қорытынды нөмір болды. Сыныпта «Анашым, әрқашан қасымда бол» әні әуелегенде, залдағы аналардың көзіне жас үйірілді. Бұл ән — бала махаббатының ең шынайы үні еді. Мереке соңында балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын — гүл пішінді әдемі магниттерді тарту етті. Гүлдің ортасындағы баланың суреті мен «Анашым, мен сенің гүліңмін» деген жазу әр ананың жүрегін елжіретті. Бұл кішкентай сыйлық енді әр үйдің төрінде үлкен махаббаттың белгісі болып тұрады. Бұл мереке Orda School-да баланың жан-жақты дамуына, оның талантын ұштауға қаншалықты көңіл бөлінетінін тағы бір мәрте көрсетті. Мұнда баланың қанатын қатайтып, биікке ұшуына көмектесетін, өз ісіне ғашық ұстаздар еңбек етеді. Дәл осындай жылы қарым-қатынас пен заманауи тәсілдердің арқасында оқушыларымыз жаңа белестерді бағындырып келеді. Осынау әдемі бағдарламаны дайындап, жүзеге асырған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қадыр Фариза Жаңабайқызы

04.03.2026
in Білім
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл кеш тек көктем мерекесі емес, бала бойындағы адамгершілік пен отбасына деген құрметті оятатын «Адал азамат» бағдарламасының жарқын көрінісі болды. Шығармашылық арқылы бүлдіршіндер ең басты нәрсені — мейірімді болуды және жақындарын бағалай білуді үйренді.

Концерттің ең сиқырлы тұсы — ағылшын тіліндегі ертегі-әндер болды. Оқушылар сахнада нағыз актерлердей өнер көрсетті: «Кішкентай ханзаданың» сырлы әлемі, «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісіндегі ана туралы нәзік ән, сүйкімді Қызыл Телпек пен Пьероның бейнелері көрерменді баурап алды. Ал финалдағы «Буратино» әні барлық кейіпкердің басын қосып, көңілді аяқталды. Балалардың өз қолдарымен дайындаған костюмдері әр бейнеге ерекше жылулық сыйлады.

Кештің ең толқынысты сәті — қорытынды нөмір болды. Сыныпта «Анашым, әрқашан қасымда бол» әні әуелегенде, залдағы аналардың көзіне жас үйірілді. Бұл ән — бала махаббатының ең шынайы үні еді.

Мереке соңында балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын — гүл пішінді әдемі магниттерді тарту етті. Гүлдің ортасындағы баланың суреті мен «Анашым, мен сенің гүліңмін» деген жазу әр ананың жүрегін елжіретті. Бұл кішкентай сыйлық енді әр үйдің төрінде үлкен махаббаттың белгісі болып тұрады.

Бұл мереке Orda School-да баланың жан-жақты дамуына, оның талантын ұштауға қаншалықты көңіл бөлінетінін тағы бір мәрте көрсетті. Мұнда баланың қанатын қатайтып, биікке ұшуына көмектесетін, өз ісіне ғашық ұстаздар еңбек етеді. Дәл осындай жылы қарым-қатынас пен заманауи тәсілдердің арқасында оқушыларымыз жаңа белестерді бағындырып келеді.

Осынау әдемі бағдарламаны дайындап, жүзеге асырған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қадыр Фариза Жаңабайқызы

сурет: Orda school

Алдыңғы мақала

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Оқи отырыңыз

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды
Саясат

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Ата Заң  жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары
Саясат

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты
Саясат

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Жазасын өтеушілер отандық фильмді тамашалады
Құқық

Жазасын өтеушілер отандық фильмді тамашалады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Жазасын өтеушілер отандық фильмді тамашалады

Мемлекеттік қызметкерлер мекемеге экскурсия жасады

Ұжымдық рухты нығайтқан тренинг

Қызылорда өңірінде «КӨКТЕМ-2026» оқу жаттығуы өткізілді

«Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті

Өзекті жаңалықтар

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі
Білім

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

0

Бұл кеш тек көктем мерекесі емес, бала бойындағы адамгершілік пен отбасына деген құрметті оятатын «Адал азамат» бағдарламасының...

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Ата Заң  жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Жазасын өтеушілер отандық фильмді тамашалады

Жазасын өтеушілер отандық фильмді тамашалады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі
  • «Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды
  • Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары
  • Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты
  • Жазасын өтеушілер отандық фильмді тамашалады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі