• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Ана даңқы – ел даңқы» атты батыр аналармен тағылымды кездесу өтті

Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылында ауылдық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана даңқы – ел даңқы» тақырыбында «Алтын алқа» иегерлері,көп балалы аналармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

10.04.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қоғамдағы ананың рөлін дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау және көпбалалы аналардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатындағы басқосуға аудандық «Жалағаш Достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Мирман аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Дана Сабырбай, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айқын Бектасқызы және аудандық аналар кеңесінің төрайымының орынбасары Күлдаш Тоқпанбетова және аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында сөз алған Дина Мирман бұл кездесудің маңыздылығына тоқталып, батыр аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Ол көпбалалы аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі мен олардың елдің рухани дамуына қосып отырған үлесі зор екенін жеткізді.

Тағылымды кездесуде батыр аналарға құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталып, аналар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Басқосу барысында Мәдениет ауылының батыр аналары, жеті бала тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегерлері Рита Есназарова, Айгүл Ерназарова және Замира Құлбаева сөз сөйлеп, ананың отбасындағы және қоғамдағы рөлі, ұрпақ тәрбиесінің маңызы туралы ойларымен бөлісті. Кездесу соңында Мәдениет ауылдық Аналар кеңесінің төрайымы Бағдагүл Балапанова қатысушыларға өз алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.

Шара соңы Мәдениет ауылдық клубының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Алдыңғы мақала

Жалағаш ауданында инвесторлармен кездесу өтті

Келесі мақала

Жалағаш ауданында «Көшпелі алқа» отырысы өтті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі