Аралау барысында кент көшелерінің тазалығы, жасыл желектерді отырғызу, гүлзарлар мен демалыс аймақтарын ретке келтіру, мекемелер және кәсіпкерлік нысандардың жағдайы назарға алынды. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан көркейту жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуы бойынша жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі ауданымыздың келбетін жақсарту – ортақ міндет екенін атап өтіп, тазалық пен тәртіпті сақтау, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болатынын айтты.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына барлық сала қызметкерлері белсене атсалысуы қажет. Жеке кәсіпкерлік нысан иелері ғимарат ауласын қоқыстан тазалап, қасбетін қалыпқа келтіріп, өзіне тиесілі аумақты абаттандыруы тиіс екендігін ескертті.
Еліміз бойынша жүргізіліп жатқан тазалық акциясына бей-жәй қарамау қажеттігін ескертіп, тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруды және аталған кемшіліктерді дер кезінде жоюды тапсырды.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.









