• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Өнер

Шиелі ауданында шеберлік пен жаңашылдық ұштасқан байқау өтті

Шиелі ауданындағы колледж қабырғасында өндірістік оқу шеберлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған «Үздік жыл шебері – 2026» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі ерекше форматта өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

30.04.2026
in Өнер, Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған шара білім беру саласындағы жаңашылдық пен шығармашылықты ұштастырып, қатысушыларға өз мүмкіндіктерін жан-жақты көрсетуге зор мүмкіндік берді.

Бұл байқау – тек кәсіби жарыс қана емес, сонымен қатар білім мен тәжірибенің, дәстүр мен заманауи технологиялардың үйлесім тапқан алаңы болды. Қатысушылар өз шеберліктерін дәлелдеп қана қоймай, цифрлық құралдарды, оның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алатындығын көрсетті. Бұл өз кезегінде қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттардың нақты көрінісіне айналды.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. «Менің ЖИ әлемім» кезеңінде қатысушылар өздерінің кәсіби жолын таныстырып, цифрлық технологияларға деген көзқарастарын ортаға салды. Ал «Үздік сабақ фрагменті» бөлімінде өндірістік оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер көрсетіліп, заманауи білім беру үрдісіндегі тың тәжірибелер ұсынылды. «Шығармашыл ұстаз» кезеңі қатысушылардың креативті ойлау қабілеті мен тапқырлығын айқындайтын алаңға айналды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, үздіктер марапатталды.

І орынды «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша өндірістік оқу шебері Бекмағамбетов Ардақ Мұратұлы иеленді.

ІІ орын «Электр жабдықтары» мамандығы бойынша өндірістік оқу шебері Тұрғанбек Шерхан Үсенханұлына бұйырса,

ІІІ орынды «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша өндірістік оқу шебері Ертаева Ақмарал Ануарбековна еншіледі.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Алғыс хаттары табысталып, бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан бағалы сыйлықтар ұсынылды. Сонымен қатар, байқауды ұйымдастыруға үлес қосқан бірлестік жетекшілері мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Шиелі аудандық Қоғамдық даму бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Аталған байқау – өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби дамуға деген ұмтылысының, үздіксіз ізденісінің және ұстаздық шеберлігінің айқын дәлелі. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, білім сапасын арттыруға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға тың серпін беретіні анық.

Алдыңғы мақала

Шиеліде кентінде абаттандыру жумыстары жалғасуда

Келесі мақала

«Бозторғай» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық конкурсы өтті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі