• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Абайдың ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

10.08.2025
in Мәдениет
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

 

-Қадірлі қауым! Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын. Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті, – делінген құттықтауда.

Сондай-ақ онда Мемлекет басшысы хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы екендігіне тоқталды.

– Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды. Бүгінгі салтанатты іс-шараның түпкі мәні де – осында. Бұл өңір – Абаймен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды ұлттың ұлы перзенттерін дүниеге әкелген киелі өлке. Мемлекет осы аймақты ұлттық құндылықтар мекені ретінде өркендетуге баса мән береді. Ұлы ойшылдың өміршең өлеңдері мен қастерлі қара сөздері әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық. Ұлы Абайдың аманатына адал болайық, – делінген Мемлекет басшысының құтықтауында.

Осыған дейін жазғанымыздай, 10 тамыз қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бері «Абай күні» ретінде ресми түрде атап өтіледі.

Фото:Aqorda

Алдыңғы мақала

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды

Келесі мақала

Аймақ басшысы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының барысын бақылады

Оқи отырыңыз

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
Құқық

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
Қоғам

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Өзекті жаңалықтар

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
Құқық

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

0

Кеңеске Қызылорда облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жапаров Серік Исақожаұлы және ҚАЖ...

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
  • «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі