• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 11 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аймақ басшысы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының барысын бақылады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемовпен бірге Қызылорда қаласындағы жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысын көріп шықты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

10.08.2025
in Қоғам
0
501
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен Жанқожа батыр көшесіндегі теміржол өткелінің құрылыс алаңына барды. Өткел қаланың орталық бөлігін Шанхай, Коммунизм, Гагарин шағын аудандарымен қауіпсіз байланыстыруға, көлік қатынасын жақсартуға, қалаішілік жүк және жолаушылар тасымалын арттыруға, азық-түлік айналымын ұлғайту арқылы өңір экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы құны 4 650,9 млн теңге, бас мердігер «СМК Аманат» , техникалық қадағалаушы «МСК Инжиниринг» , авторлық қадағалаушы «Инженерный Центр Алматы» серіктестіктері.
Қазіргі таңда айналма теміржолдар салынып, инженерлік желілердің орны ауыстырылуда. Сонымен қатар, 940 тонна арматура жеткізіліп, свай каркастарын тоқу, тіреу қабырғаларына арматура орнату және бетондау жұмыстары жүргізілуде.

Әрі қарай облыс әкімі «Қызылорда–Құмкөл» бағытындағы 9,76 шақырымдық автожолдың орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жобаның жалпы құны 2 483,9 млн теңге, мердігер «Дорстрой», техникалық қадағалаушы «АрхиДизайнСтройИнжиниринг» серіктестіктері. Өткен жылы 1 желтоқсанда басталған, осы жылғы 30 қыркүйекте аяқталмақ.
Бүгінде ресайклинг әдісімен 7,4 шақырым, ірі түйіршікті асфальтпен 6,5 шақырым, мастикалық асфальтбетонмен 4 шақырым жол жабындысы төселді.

Келесі нысан — «Қызылорда–Құмкөл» автожолының көлік жолайрығы. Мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары жобасының жалпы құны 1,4 млрд теңге, мердігер «Қыран» ЖШС. Қазіргі таңда көпірдің 5 кіреберіс қанаты асфальтталды, негізгі үстіңгі бөлігіне қиыршық тас, 800 метріне асфальт төселді.

Мұнан бөлек, аймақ басшысы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы болып табылатын жол құрылысын көрді. Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін нығайту және Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі 2,9 шақырым жол құрылысының барысын тексерді. Жобаның құны 5,3 млрд теңге. Мұнда 4 жолақты автожолмен қатар, ені 6 метр жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынады. Құрылыс жұмыстарын «УАД» ЖШС атқаруда.

default

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Абайдың ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды – Президент

Келесі мақала

Ауқымды жобалардың құрылысы бақылауда

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Білім

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі