• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Адам саудасымен күрес — ортақ міндет

30 шілде - Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

30.07.2025
in Қоғам, Құқық
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл күн әлемнің көптеген елдерінде адам саудасының алдын алу, оған қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі ақпараттық-насихаттық шаралармен атап өтіледі. Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Азамат Мыңбаев пен облыстық Полиция департаментінің өкілі, полиция подполковнигі Әділхан Шопанов өңірде адам саудасының алдын алу, құрбандарды анықтау және оларға кешенді әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету бағытында атқарылып жатқан нақты жұмыстар мен құқық қорғау шаралары туралы мәлімдеді.

— Адам саудасына қарсы күрес — біздің басты басымдықтардың бірі. Биыл облыста бұл бағытта жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес екі рет «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып, қала мен аудандардағы құрылыс нысандары, қонақ үйлер, сауналар сияқты орындарда тұрақты тексерулер жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындарға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Адам саудасының құрбандарына қолдау көрсету бағытында нақты шаралар қабылданып, оларға баспанамен, тамақпен және медициналық көмек көрсетілуде. Үкіметтік емес ұйымдармен және жергілікті билікпен бірлесе отырып, мобильді топтар құрылып, ауылдық жерлерде де түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Біз алдағы уақытта да адам саудасына қарсы күресті одан әрі күшейтіп, қоғамымыздың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз етуге бар күшімізді саламыз. Қызылорда облысының Полиция департаменті бұл маңызды іске үлкен жауапкершілікпен қарап, халықпен ашық әрі тиімді ынтымақтастық орнатуда,-деді Адилхан Қалдыбекұлы.

— Адам саудасы — қазіргі қоғамдағы маңызды әрі өзекті мәселе. Бұл қылмыспен күресу үшін кешенді және үйлесімді шаралар қажет. Қызылорда облысында адам саудасының құрбандарына жан-жақты қолдау көрсететін арнайы орталықтар жұмыс істейді. Оларда әлеуметтік, медициналық, құқықтық, психологиялық, еңбек, мәдени, педагогикалық және экономикалық көмектер көрсетіледі. Өткен жылы 12 адамға, оның ішінде 3 балаға, ал биылғы есептік кезеңде 22 адамға, оның ішінде 9 балаға қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда 8 адам, оның ішінде 3 бала, көмекті жалғастыруда. Облыста «116 16» және «150» жедел желілері тұрақты түрде жұмыс істейді, ол арқылы тұрғындар құқықтық және психологиялық кеңес ала алады. Сонымен бірге, мобильді топтар профилактикалық іс-шаралар мен ақпараттық жұмыстарды жүргізуде. Жыл басынан бері құқық қорғау органдары адам саудасының алдын алу бағытында бірнеше іс-шара өткізді. Құрбандарға қажетті көмек көрсетіліп, олардың құқықтары қорғалуда. Алдағы уақытта да адам саудасына қарсы күрес жалғасын тауып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі,-деді Азамат Амантайұлы.

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің №60 мекеме кітапханасы 400 кітаппен толықты

Келесі мақала

Жаңақорған ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі