• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 11 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Арал туралы тағылымды туынды көрерменге жол тартты

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің құрылғанына 30 жыл толуына орай республикалық деректі кино апталығы ұйымдастырылып, ел руханиятына серпін берген тағылымды шара өтті. Ауқымды мәдени іс-шараға еліміздің әр өңірінен қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері, журналистер мен өнерсүйер қауым қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

24.05.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған тағылымды кешке “AMANAT” партиясының Атқарушы хатшысы Кәрібек Даулет Жамаубайұлы да арнайы қатысып қайтты. Елорда төріндегі маңызды мәдени шара барысында Президент Телерадиокешенінің шығармашылық ұжымы түсірген бірнеше мазмұнды деректі фильм көрермен назарына ұсынылды.

Әсіресе Арал тағдырына арналған деректі фильм көпшіліктің ерекше ықыласына ие болды. Фильмде теңіз тағдыры тек экологиялық мәселе ретінде ғана емес, халықтың өмірімен, тағдырымен, үмітімен астасқан үлкен тақырып ретінде көрсетілген. Шығармашылық топ фильмнің негізгі кейіпкері ретінде Арал өңірінің тумасы, балықшы Күнтуған Тұрғынбаевты таңдап, қарапайым адамның өмірі арқылы тұтас бір өңірдің тағдырын шебер бейнелей алған.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – фильмнің басты кейіпкері Күнтуған Тұрғынбаевтың көрермендер арасында отыруы болды. Қаратерең ауылынан арнайы келген балықшы фильмді көпшілікпен бірге үлкен экраннан алғаш рет тамашалап, көрермендермен емен-жарқын әңгіме өрбітті.

– Менің бүкіл ғұмырым осы Аралдың жағасында өтті. Теңіз – біздің өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз. Президентіміздің Аралға деген жанашырлығы мен қамқорлығын халық ешқашан ұмытпайды. Бүгін осындай фильмнің түсіріліп, Аралдың ұмыт қалмағанын көру – біз үшін үлкен мәртебе, – деді КҮНТУҒАН ТҰРҒЫНБАЕВ.

Бүгінде Арал мәселесі тек бір өңірдің ғана емес, халықаралық деңгейдегі маңызды экологиялық тақырыптардың біріне айналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен Халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысы жанданып, аймақ елдері арасында бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде Солтүстік Аралға су келе бастады. Балық шаруашылығы қайта дамып, ауылдарда тіршілік жанданып келеді.

Кино апталығы барысында көрсетілген туындылар көрерменге тек ақпарат ұсынып қана қоймай, ел тарихын, халық тағдырын, ұлттық құндылықтарды терең сезіндіре алды. Деректі кино – қоғамның шынайы келбетін көрсететін рухани айна екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Алдыңғы мақала

Шиеліде мәдениет және өнер қызметкерлері ұлықталды

Келесі мақала

Жедел әрекет ету орталығының жұмысы жетілдірілуде

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Білім

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі