• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 15 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Сырдария: Ардагерлерге құмет көрсетілді

Бүгін "Руханият" орталығында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлерге арналған тағылымды кездесу өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

24.04.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс-шараға аудан ардагерлері, мекеме басшылары, жастар және аудан тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында аудан басшысы 40 жыл бұрын орын алған апаттың себеп-салдарына кеңінен тоқталып, оның адамзат пен қоршаған ортаға тигізген ауыр зардаптарын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз Чернобыль апатының зардаптарын жоюға атсалысқан азаматтардың ерлігін әрдайым жоғары бағалаймыз. Олардың жанқияр еңбегі мен батылдығы – кейінгі ұрпаққа үлгі» деп атап көрсетті. Радиоактивті сәуленің аса қауіпті зардаптары мыңдаған адамның өміріне үлкен қауіп төндірді. Бұл апат табиғатқа да, адамзатқа да орасан зиян келтірді. Осындай ауыр кезеңде өз өмірін қатерге тігіп, апаттың зардаптарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі өлшеусіз. Сіздер уақытпен санаспай, қауіптен тайсалмай, адамзат алдындағы борыштарыңызды бәрінен жоғары қойдыңыздар. Бұл – шынайы патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Біздің ауданымыздан аталған апатты жоюға 43 азамат қатысса, бүгінгі күні олардың 12-сі ортамызда. Сіздердің ерліктеріңізді ұлықтау және оны жас ұрпақтың санасына сіңіру – аса маңызды міндет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлерге арнайы төсбелгілер табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев сөз сөйлеп, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтсе, зардапты жоюға қатысқан ардагерлер ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Сырдария: Ауылдардағы каналдардың механикалық тазалау жұмысы басты назарда

Келесі мақала

“Таза Қазақстан”: Қызылорда облысында 12 мың тал егілді

Оқи отырыңыз

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады
Әлеумет және экономика

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді
Құқық

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
Спорт

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!
Экология

Таза қала – ортақ іс!

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Өзекті жаңалықтар

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады
Әлеумет және экономика

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

0

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. «Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы:«Ауыл...

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады
  • «Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді
  • Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
  • Таза қала – ортақ іс!
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі