• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 27 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

“Таза Қазақстан”: Қызылорда облысында 12 мың тал егілді

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды. Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

26.04.2026
in Экология
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Таза Қазақстан» акциясы басталған екі жыл ішінде 1,5 мың экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді. Осы уақыт аралығында 2 миллион тонна қоқыс жиналып, 5,5 миллионға жуық тал егілген. Жыл сайын бұл бастамаға 6,5 миллион адам, соның ішінде 780 мың волонтер қатысады.

Министрдің айтуынша, 2021-2025 жылдары орман қорын толықтыру үшін 1 миллионнан аса гектарға 1 648,4 миллион түп көшет отырғызылған. Елді мекендерде бес жыл ішінде 18,4 миллион ағаш егілді. Алдағы уақытта 1 760 мың гектар жерді қамтитын 46 экоаумақ құрылады.

Қызылорда қаласында жаңадан салынған Президент саябағындағы шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, департамент, инспекция басшылары мен қызметкерлері, еріктілер, экобелсенділер, жастар ұйымдары және студенттер қатысты.

Акцияға аймақтың аудандарынан, елді мекендерінен 25000 мыңнан астам адам атсалысып, 12 мыңнан астам тал егілді, 325,7 гектар аула тазартылып, 320 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 250-ден астам техника жұмылдырылды.
Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орындары, ойын, спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөндеуден өткізілуде.

Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі, Қорқыт ата мемориалды аллеясы жаңғыртылса, Президент саябағы қайта салынды. Онда заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орнатылған. Жалпы 31 гектарға 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көпжылдық гүл егілді.

Қазіргі таңда Президент саябағы аумағында 10 млрд. теңгеге жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері, 5 млрд. теңгеге Ботаникалық білім беру орталығы (қысқы бақ) салынуда. Жақында 9 млрд. теңгеге Сырдария өзені үстінен Президент саябағын қаламен байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады.
Бұл жұмыстар барлық ауданда жалғасын тауып, жаңа демалыс орындары, аллеялар айналаның сәнін кіргізді, көшелерге абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары атқарылуда.

Ауылдарда қолайлы орта қалыптастыру, тұрғындарды тазалық шараларына ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіледі. Соңғы үш жылда 2 млрд. 64 млн. теңге бөлініп, үздік елді мекендерге 67 арнайы техника табысталды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару, оларды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату бағытында «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 98 млрд.700 млн. теңгеге 9 жоба қолға алынған. Жаңақорған ауданындағы қатты қалдықтарды сұрыптау кешені толық қаржыландырылып, құрал-жабдықтары жеткізілді. Қазіргі таңда іске қосылуда. Қалған 8 жоба «Өнеркәсіпті дамыту қоры» сараптамасынан өткізіліп, қаржыландыру үшін тиісті келісімшарттар жасалуда.

Облыстық бюджеттен 475 млн.теңгеге Сырдария ауданында сұрыптау кешені бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ашылды. Тағы екі жаңа жоба жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді, салалық министрлікке қаржыландыру үшін ұсынылды.
Қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде 10 мыңға жуық контейнер орнатылды. Көпқабатты тұрғын үйлер, ірі сауда орындары, әуежай мен теміржол вокзалы аумақтарында шыны, пластик және қағаз қалдықтарын сұрыптап жинау үшін арнайы экобокстар қарастырылған.

Қызылорда қаласындағы 83 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельдермен жаңартылды, бұл жұмыстар 58 тұрғын үйге 2 млрд. 893 млн. теңгеге бюджет есебінен, 27 тұрғын үйге демеушілік есебінен жасалды. Биыл 900 млн.теңгеге қосымша 21 тұрғын үйдің қасбеттерін қаптау жоспарланған.
Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім беру, ағарту шаралары «Жасыл балабақша»,«Жас эколог»,«Жасыл мектеп», «Табиғат сақшылары» жобалары аясында жүзеге асырылып келеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Сырдария: Ардагерлерге құмет көрсетілді

Келесі мақала

Қазалыда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік өтті

Оқи отырыңыз

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
Саясат

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда
Әлеумет және экономика

Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда

Шиеліде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті
Экология

Шиеліде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті

Қазалы: Вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты жиын өтті
Әлеумет және экономика

Қазалы: Вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты жиын өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы: Вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты жиын өтті

“Таза Қазақстан”: Сырадария ауданында мың тал егілді

Қазалыда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік өтті

“Таза Қазақстан”: Қызылорда облысында 12 мың тал егілді

Сырдария: Ардагерлерге құмет көрсетілді

Сырдария: Ауылдардағы каналдардың механикалық тазалау жұмысы басты назарда

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
Саясат

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

0

  Жиында аудан басшысы жаңа орынбасардың еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесіне кеңінен тоқталып, оның білім беру мен...

Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда

Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда

Шиеліде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті

Шиеліде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті

Қазалы: Вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты жиын өтті

Қазалы: Вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты жиын өтті

“Таза Қазақстан”: Сырадария ауданында мың тал егілді

“Таза Қазақстан”: Сырадария ауданында мың тал егілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
  • Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда
  • Шиеліде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті
  • Қазалы: Вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты жиын өтті
  • “Таза Қазақстан”: Сырадария ауданында мың тал егілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі