• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

“Есірткіге жол жоқ” профилактикалық іс шарасы өтті

2026 жылғы 15 сәуірде «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүйелі түрде ілгерілету шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облысының Полиция департаменті және Төтенше жағдайлар департаментінің үйлестірілген бірлескен жұмысы нәтижесінде жастар арасында «Есірткіге жол жоқ» атты кең ауқымды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

15.04.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған іс-шара Қызылорда облыстық полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының базасында өткізіліп, оған өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері, сондай-ақ 300-ге жуық студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға қазіргі заманғы синтетикалық есірткілердің қоғамға тигізетін ауыр зардаптары, олардың заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары нақты мысалдармен түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткі жарнамасын тарату, интернет-ресурстар арқылы заңсыз ақпарат жариялау, граффити арқылы насихат жүргізу сияқты әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні ерекше атап өтілді.

Жастардың құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері ақпараттық-түсіндіру материалдарын таратып, зиянды әдеттердің алдын алу бағытында белсенді жұмыс жүргізді.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген жауапты тұлғалар – Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Имангалиев Фаркат Талгатович, «Жастар рухы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Баймурза Әсетхан Қалижанұлы және Қызылорда қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Жорбек Медет Ерланұлы жастарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Қатысушыларға арнайы бөлімшелердің материалдық-техникалық жабдықталуы, оның ішінде қару-жарақ түрлері, «ALAN» арнайы автокөліктері таныстырылып, «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында күдікті тұлғаларды ұстау бойынша оқу-жаттығу көріністері көрсетілді.

Сонымен қатар, қылмыскерлерді анықтау, іздестіру және ұстау барысында қолданылатын заманауи әдістер, кинологиялық қызметтің мүмкіндіктері мен арнайы жедел әрекет ететін жасақтардың үйлесімді жұмысы іс жүзінде көрсетілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жастарға тек теориялық ақпарат беру емес, құқық қорғау органдарының нақты жұмысын көрсету арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға құрметті арттыру және есірткі қылмысына мүлдем төзбеушілік қалыптастыру.

Қорытындылай келе, Қызылорда облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде және бұл бағыттағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіле түсуде. Құзырлы органдар кез келген құқық бұзушылықтың жазасыз қалмайтынын қатаң ескертеді және әрбір азаматты заң талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады.

Алдыңғы мақала

Қазалы: Кәмелетке толмағандардың істері жөнінде кезекті комиссия өтті

Келесі мақала

Әлихан Бөкейханов-ұлт рухын ұлықтаған тарихи тұлға

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі