• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 13 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Халықаралық форумға қатысушылар Қызылорда қаласындағы нысандарды аралады

Бүгін «Ұлттық Урбан Форумы – 2025 Қызылорда» халықаралық форумына қатысушылар қаладағы маңызды нысандарды аралады. Қонақтарға алдымен жаңғыртудан өткен инфрақұрылым нысандары таныстырылды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

08.07.2025
in Қоғам
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қаланың орталық алаңы өткен жылы жаңа да көрікті келбетке ие болған еді. Алаңға жаңа субұрқақтар орнатылып, газон мен көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішіндемелер, жаңа үлгідегі орындықтар мен жарық бағаналары, балаларға арналған ойын алаңы құрылды.
Келесі нысандар — қалалық мәдени-демалыс саябағы және Тәуелсіздік даңғылы. Форум қатысушылары Сырдария өзенінің жағдайын көрді. Өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықтағы 6,7 шақырымдық даңғыл бойында қызу жұмыс басталған болатын. Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайту да қатар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 6 млрд 656 млн теңге, қажетті қаржы толық бөлініп, қазіргі таңда оның 4 млрд теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстарын «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Қайта жаңғырту жұмыстары аясында жолдың негізі жаңартылып, асфальт төселді. Сырдария өзені бойындағы 1,4 шақырым қорғаныс бөгеті толықтай тазартылып, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Бұған қоса, бұрынғы екі жолақты жол төрт жолақты болып кеңейтіліп, ені 14 метрге дейін ұлғайтылды. Жол бойында 8 балалар ойын алаңы мен спорттық құрал-жабдықтар орнатылып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалды. Жағалау аймағы абаттандырылып, серуендеуге қолайлы инфрақұрылым орнатылды. Даңғыл тек инженерлік тұрғыдан ғана емес, эстетикалық жағынан да жаңарды. Жол жиегі түрлі-түсті бояулармен көмкеріліп, көз тартарлық суреттермен безендірілген.
Сол жағалаудағы жаңа стадион құрылысы да форум қатысушыларына таныстырылды. Қазір мұнда шығыс және батыс трибуналарының металл конструкциялары орнатылып, қабырғалар мен витраждар қаланған. Футбол алаңымен жабдықталып, аумағы абаттандырылуда.
Одан бөлек, қонақтар физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернатына барды. Бұл оқу орны 400 орынға арналған. Лабораториялар, робототехника және STEAM кабинеттері бар. Мұнда физика, математика, информатика пәндері ағылшын тілінде тереңдетіліп оқытылады.
PS. Форум қатысушылары «Үстел теннисі» орталығына, облыстық тарихи-өлкетану музейіне, шығармашылық-инновациялық академияға және «Анаға тағзым» орталығына да барды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Астана күніне орай ҚАЖД-нің №60 мекеме қызметкерлері кітапханаға барды

Келесі мақала

«Балапан, біз сені күтеміз»- Елдос «Колобок» сүйінші жаңалығын жылап тұрып жеткізді

Оқи отырыңыз

Премьер-министр Олжас Бектенов  Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды
Қоғам

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

“Қазақстан-достықтың мекені” атты салтанатты шара өтті
Мәдениет

“Қазақстан-достықтың мекені” атты салтанатты шара өтті

Инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралды
Қоғам

Инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралды

Көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамыту мәселесі қаралды
Әлеумет және экономика

Көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамыту мәселесі қаралды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

Өзекті жаңалықтар

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады
Қоғам

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады

0

Жеке қабылдауға келген тұрғындар негізінен тұрғын үй алу, жер телімін рәсімдеу, тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек мәселелері...

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады
  • Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті
  • Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті
  • Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды
  • Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі