• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Қала күні» мерекесіне орай бір айлық шаралар легі бастау алды. Соның аясында Қызылорда «Жастар театры» III маусымын ашып, көрерменге «Іңкәр сезім» музыкалық қойылымын ұсынды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.09.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Театр – өнердің барша түрі тоғысатын, адам жанына ой салып, сезімін тербейтін киелі мекен. Бүгінгі кеш те қала мәдениетінің жаңа тынысын танытатын, өнерге құрмет пен көрерменге деген ықыласты тоғыстырған ерекше салтанат болды.

Қызыл кілем үстімен Сыр елінің мақтаныштары – өнер майталмандары, көрерменнің сүйікті әртістері, осы маусымның басты кейіпкерлері мен құрметті қонақтары жүріп өтті. Атап айтатын болсақ, «Қызылорда қалалық Жастар театрының» көркемдік жетекшісі әрі негізін қалаушы ақын, режиссер–сценарист Оңталап Нұрмаханов және «Жастар» театрының әртістері.

Сондай-ақ, еліміздің әр өңірінен келген театр және кино майталмандары ̶ Әсет Иманғали, Ержан Жарылқасынұлы, Данияр Базарқұлов, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының бір топ әртістері және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Хұсейін Әмір-Темір бастаған Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының актерлары мен өнер шеберлері.

Театрға келген көрермендер Берік Ахмедтің «Іңкәр сезім» атты музыкалық қойылымын тамашалады. Шынайы махаббатқа толы қойылымда сезім мен сенім, асқақ арман, биік мақсат ұғымдары көркем түрде бейнеленді. Адам өміріндегі мейірім мен ізгілік құндылықтары дәріптеліп, отбасы қадірі мен адамдық қасиеттердің маңызы ұсынылды.

«Іңкәр сезім» қойылымы бір ғана оқиғаны баяндап қоймай, көрерменді адамның ішкі жан дүниесіне үңілдіретін, жүрекке жақын сезімдерді сахна тілімен жеткізетін таңғажайып туынды болды. Қойылым барысында көрермен жанды дауыста орындалған әндер, би, поэзиялық шығармалар мен монологтарды тамашалай алды. Әсерлі сахналық көріністер музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалып, қойылымның көркемдік мазмұнын аша түсті.

Алдыңғы мақала

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Келесі мақала

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі