• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

Қызылорда қаласында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Президент саябағында өткен салтанатты рәсімде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев коммуналдық мекемелерге заманауи үлгідегі 37 арнайы техниканың кілтін табыстады. Бұл бастама коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасын күшейтіп қана қоймай, цифрландыру мен тиімді басқару тетіктерін дамытуға жаңа серпін береді, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.09.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салтанатты жиында сөз сөйлеген аймақ басшысы коммуналдық сала мамандарын құттықтап, олардың қаланың тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қосып отырған еңбегіне жоғары баға берді.

Өз сөзінде облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені, «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз» деген тұжырымын атап өтіп, өңірде осы бастама аясында кешенді жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқанын айтты.

– Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы бүгінде өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастырудың маңызды тетігіне айналды. Қызылорда қаласы мен елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Бұл іске тұрғындар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары белсенді атсалысып келеді. Соның нәтижесінде Сыр өңірі тазалық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Бұл – ортақ жауапкершілік пен қоғамдық мәдениеттің көрінісі, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Аймақ басшысы қазіргі таңда коммуналдық саланы жаңғырту тек техникаларды жаңартумен ғана шектелмейтінін атап өтті. Бүгінде қызмет көрсету сапасын арттыру үшін цифрлық технологиялар мен заманауи басқару құралдарын енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Арнайы техникалардың жаңаруы коммуналдық қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндігін кеңейтіп, қала көшелерін күтіп ұстау, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, инженерлік желілерге қызмет көрсету және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын анағұрлым тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Рәсім барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйлеп, «Таза Қазақстан» бағдарламасының өңірдегі маңызына тоқталды. Сонымен қатар қаланың тазалығы мен көркеюіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар коммуналдық сала қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Салтанатты шарада коммуналдық мекемелерге берілген 37 арнайы техниканың 32-сі «Қызылорда тазалығы» мекемесінің теңгеріміне өтті. Оның ішінде 15 қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға арналған арнайы көлік, 5 қысқы және жазғы маусымда пайдаланылатын әмбебап коммуналдық техника және көшелерді тазалауға арналған 12 арнайы техника бар.

Ал «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің автопаркі вакуумдық ассенизаторлармен және жылжымалы жөндеу техникаларымен толықтырылды. Бұл жаңа техникалар инженерлік желілердегі апаттық жағдайларға жедел ден қоюға, су және кәріз жүйелеріне қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің тиімділігін еселеуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, жаңа техникалардың пайдалануға берілуі коммуналдық қызметтердің өндірістік қуатын арттырып қана қоймай, жұмыс процестерін автоматтандыру мен цифрлық бақылау жүйелерін кезең-кезеңімен енгізуге де негіз қалайды. Бұл өз кезегінде қалалық инфрақұрылымды басқарудың тиімділігін арттырып, қызмет көрсету уақытын қысқартуға және ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал етеді.

Соңғы жылдары облыста барлық саланы материалдық-техникалық тұрғыдан жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықтырылып, мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған көліктер сатып алынды. Денсаулық сақтау саласы жаңа жедел жәрдем көліктерімен қамтамасыз етілсе, орман шаруашылығы, ветеринария және құқық қорғау органдарының материалдық базасы да жаңа қызметтік автокөліктермен нығайтылды.

Коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жұмыстары да тұрақты жалғасуда. Соңғы төрт жыл ішінде облыстық бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлініп, қалалық коммуналдық қызметтердің жұмысына қажетті заманауи үлгідегі 82 арнайы техника сатып алынған.

Бұл жұмыстардың барлығы өңірдегі коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, қаланың санитарлық тазалығын жаңа деңгейге көтеруге және цифрлық технологияларға негізделген тиімді коммуналдық басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Алдыңғы мақала

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

Келесі мақала

Аудан әкімі қорғаныс істері бөлімі мен жедел жәрдем станциясының жұмысымен танысты

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі